Басқарманың Іс жүргізу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2024 жылдың 23 қарашасына дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша декретті демалысының мерзіміне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

225881

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының нормативтік құқықтық актілерінің (оның ішінде «ҚБПҮ» белгісі бар), сонымен қатар оларды ресми жариялау бойынша есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету; Департамент әзірлеген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жаңадан қабылданған актілерін прокуратура органдарының порталында орналастыру бойынша жұмысты жүргізеді; қағаз жеткізгіштерде шығыс, оның ішінде «ҚБП» белгісі бар құжаттарды тағайындалуы бойынша істерді және басылымдарды қабылдауды, есепке алуды, өңдеуді және уақтылы жіберуді қамтамасыз ету; шығыс құжаттар деректемелерінің дұрыс ресімделуін (лауазымды адамдардың Т.А.Ә., мемлекеттік органның ресми атауы, адресаттың дұрыс көрсетілуі, құжатта көрсетілген қосымшалардың болуы және т. б.) және олардың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 04.06.2009 жылғы № 01-30.13 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкестігін тексеру; өтініштер бойынша жауаптарды Қадағалауда «Алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыспен гибридті жөнелту» жеткізу тәсілі бойынша электрондық жіберілуін  жүзеге асыру; күн сайын шығыс құжаттардың мониторингісін жүргізеді және «Қазпошта» АҚ құжатты қайтарған жағдайларда, кемшіліктерді жояды және оны тағайындалуы бойынша жіберу; Департаментке қағаз тасымалдағыштарда және Қадағалауда келіп түсетін «ҚБП» құжаттардың, істердің және басылымдардың қабылдауын, тіркеуін, есепке алуын және сақталуын қамтамасыз ету; Департаменттің құжат айналымы жөніндегі ай сайынғы және тоқсан сайынғы есепті құру; Департамент жұмыскерлерінің қызметтік (кіріс, ішкі) құжаттарын уақтылы орындалуына бақылау жасау; Департаменттің істер номенклатурасын қалыптастыруын қамтамасыз ету; Департаменттің іс жүргізуін қамтамасыз ету; «ҚБП» белгісі бар құжаттардың қозғалысын және қаралуын бақылауды жүзеге асыру, журналға олардың орындалуы туралы белгі енгізу және мәліметтерді «ҚБП» құжаттарымен жұмысты жүзеге асыратын жауапты қызметкерге жіберу; Департамент, МТҚБ басшылығының қарауына прокуратура органдарында құжаттама және іс жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бланкілерін есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету; архив және архивтік  қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес істерді, қадағалау іс жүргізуін Бас прокуратураның ведомстволық архивіне дайындауды  және тапсыруды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың  құқықтық актілерінде белгіленген, Департаменттің, МТҚБ-ның функциялары мен тапсырмаларынан туындайтын өзге де міндеттерді орындау; Қажет болған жағдайда, осы лауазымдық нұсқаулықта белгіленбеген департаменттің функциялары мен тапсырмаларынан туындайтын басқа да міндеттерді орындау;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2023 – 20.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.02.2023

Сұхбаттасу орны

010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел к., 14 үй, 229 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 71-25-12, 71-28-79