Басқарманың Ақпараттандыру және байланыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Математика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстарға (Интернет, электрондық пошта, Ақпараттық жүйелер және т. б.), жергілікті есептеу желісіне қол жеткізу құқықтарын беру жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды және мониторингілеуді ұйымдастыру, жүзеге асыру; прокуратура органдарының телекоммуникациялық, желілік және компьютерлік жабдықтарын және олардың бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу және әкімшілендіру, байланыс желілерінің сегменттерін модельдеу және басқару; ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды және қауіпсіздік жүйелерін енгізу жөніндегі ұйымдастыру - техникалық іс-шараларды әзірлеу; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және ұйымдастыру мақсатында IT-қызметтер нарығына талдау жасау; телекоммуникациялық жүйелерді дамыту шеңберінде техникалық базаны жаңартуды және ақпараттық қызмет көрсетуді, ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын енгізуді қамтамасыз ету; құрылымдалған кабельдік желілерді, жергілікті-есептеу және телекоммуникациялық желілерді енгізу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету процестерін ұйымдастыру, реттеу және бақылау; пайдаланушылардың дербес компьютерлері мен жергілікті есептеу желілері арқылы ақпараттың таралып кетуін болдырмайтын техникалық құралдарды енгізуді ұйымдастыру; прокуратура органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің болуын тексеру үшін қол жеткізуді бақылау және басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін іске асыру және жүзеге асыру; бейне бақылау мен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін әкімшілендіру және пайдалану; прокуратура органдарының ғимаратына өртке қарсы қорғауды автоматтандыруды ұйымдастыру, реттеу және енгізу; автоматтандырылған телефон станциясын енгізу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету процестерін ұйымдастыру, реттеу және бақылау; МОАП пайдаланушыларын оқыту және оларға консультация беру бойынша қызметті ұйымдастыру, есепке алуды құру және үйлестіру; ақпараттық жүйелерді басқару және мониторинг жүргізу; активтерді есепке алу және басқару үшін ақпараттық жүйелерін әкімшілендіру және мониторингілеу (жұмыс орындарының жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуі); телекоммуникациялық техника құралдары мен таратушы құрылғыларды жөндеуге арналған жабдыққа, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға, материалдар мен сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдарға, жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға өтінімдер мен техникалық ерекшеліктер жасау; желілер мен телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің негізгі қағидаларын әзірлеу; жабдықтың жұмыс, техникалық қызмет көрсету және жөндеу перспективалық және ағымдағы жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге қатысу, прокуратура органдарын байланыс, телекоммуникация қызметтерімен және компьютерлік техникаға жүйелік-техникалық қызмет көрсетумен жарақтандыру бойынша бюджеттік өтінімдерді ұйымдастыру және енгізу; прокуратура органдарында ақпараттандыру және компьютерлік техникамен және телекоммуникация құралдарымен жарақтандыру мәселелері бойынша тексеруді ұйымдастыру, материалдық және бағдарламалық құралдарды шарттар мен нысаналы пайдалану бойынша жұмысты орындау; компьютерлік, перифериялық және серверлік жабдықтарды енгізу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету процестерін ұйымдастыру, реттеу және бақылау; жабдықты жөндеуден қабылдауға, сондай-ақ жаңа енгізілген жабдықты қабылдау мен игеруге, ерекше талаптарды ескере отырып, жабдықты жаңғырту және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қатысу; ақпараттық жүйелердің сапасы мен сенімділігін арттыру, оларды қолдану аясын кеңейту, қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту бойынша іс-шараларды әзірлеу; ақпараттық жүйелерді жобалау және енгізу жоспарларын дайындау және олардың орындалуын бақылау, міндеттер қою, оларды алгоритмдеу, ақпараттық жүйелердің барлық ішкі жүйелерін ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді байланыстыру; мердігерлердің (өнім берушілердің) шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау; техникалық ерекшеліктерді дайындау, келісу және Жеткізушілердің жұмысын қадағалау; ИТ жобалар бойынша тұжырымдамаларды, ережелерді, рәсімдерді, нұсқаулықтарды, техникалық талаптар мен ерекшеліктерді, нормативтік-техникалық құжаттарды және өзге де қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысу және мониторингтеу; бөлімнің қызметіне байланысты қызметтік жазбаларды, хаттарды, есептерді, талдамалық және түсіндірме жазбаларды және өзге де құжаттарды қалыптастыру; тікелей басшылық пен жоғары тұрған басшылық үшін есептерді құру, келісу,бекіту; техникалық ерекшеліктерді дайындау, келісу және Жеткізушілердің жұмысын қадағалау; ақпараттандыру мәселелері бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлімен  хат алмасуды жүргізу; Бас прокуратура ғимаратына қызмет көрсететін компаниялар қызметкерлерін уақытша өткізуді ұйымдастыру және тексеру; өз құзыреті шегінде жоғары лауазымды адамдар жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2023 – 20.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.02.2023

Сұхбаттасу орны

010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел к., 14 үй, 229 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 71-25-12, 71-28-79