Өтеген Сейітовтың 100 жылдығына арналған халықаралық форум
Бас прокуратурада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Прокуроры Өтеген Сейітұлы Сейітовтің 100 жылдығына арналған «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Конференция аясында прокуратураның жас қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі өткізілді, Құқық қорғау органдары академиясында Ө.Сейітовтің есімі берілген мәжіліс залы ашылды. Конференция қорытындысы бойынша қонақтардың баяндамалары мен ғылыми баяндамалары бар материалдар жинағы дайындалады.