Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау сұрақтары бойынша әзірленген бейнероликтерге баспасөз хабарлама
Үздіксіз цифрлық трансформацияны ескере отырып, киберқауіпсіздік және ақпараттық гигиена мәселелері туралы хабардар болу әрбір азамат үшін маңызды болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау сұрақтары бойынша әзірленген бейнероликтер назарға алу үшін дайындалды.
Бұл бейнематериалдар азаматтардың цифрлық кеңістікте өз қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын кеңейтуге, оларды негізгі сақтық шараларымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы