Өтеген Сейітовтің туғанына 100 жыл
Сейітов Өтеген Сейітұлы
(1923 – 1997)
Өтеген Сейітов 1923 жылғы 15 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысының ардагері. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.
1966–1984 жылдар аралығында Республика прокуратурасын басқарған.
Республиканың еңбек сіңірген заңгері, Прокуратураның құрметті қызметкері, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
«І дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, екі мәрте – «Еңбек Қызыл Ту» және «Халықтар достығы» ордендерімен наградталған.
1997 жылғы 14 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болған.
Еліміздегі заңдылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан Өтеген Сейітұлы Сейітовтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай және оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында 2023 жыл прокуратура органдары үшін «Сейітов жылы» деп жарияланды.
Ө.С. Сейітовтің өмірі мен қызметі туралы мақалалар, кітаптар және өзге де мәліметтер
Республикаға танымал қоғам және мемлекет қайраткері, еңбек сіңірген заңгер Ө.С. Сейітовтің кітабы.
«Сейітов ізбасары» байқауының қорытындысы
ШҚО прокуратурасында «Сейітов ізбасарлары» атты аймақтық Олимпиада өтті.
«Өнегесі өшпеген Өтеген аға», деректі фильм
«Заңғар заңгердің еңбек жолы», «Заң бойынша» бағдарламасы, «Хабар24» телеарнасы.
01 ақпан 2023
01 ақпан 2024
Басқа