Жиі қойылатын сұрақтар
Бас прокуратураның басшылығына жазылу жазбаша,электрондық өтініш беру негізінде, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының Азаматтарды қабылдау орталығына бару арқылы жүзеге асырылады.
Сіз Испания аумағындағы сізге жақын орналасқан консульдікке не дипломатиялық өкілдікке жүгіне аласыз.
Мұрағаттық анықтаманы алу үшін ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталына жазбаша өтініш беру қажет.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Нұр-сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан Комитетке жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.
Өтініштер Egov электрондық өтініш порталы, Қазпошта арқылы, сондай-ақ 2-БӨП-те шағымдар мен өтініштерге арналған жәшікте қалдыру жолымен беріледі.