Артқа

Өтегенов Ерлан Рақымжанұлы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Өтегенов Ерлан Рақымжанұлы 1976 жылы 6 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

Сыныптық шені – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр.

Мансап

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

1997 жылғы қарашадан – Алматы облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің прокуроры.

1998 жылғы сәуірден – Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі.

2000 жылғы сәуірден – Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының аға көмекшісі.

2002 жылғы сәуірден – Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың, жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.

2003 жылғы тамыздан – Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры.

2004 жылғы қаңтардан – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары.

2004 жылғы сәуірден – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы.

2006 жылғы шілдеден – Алматы табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі.

2006 жылғы қыркүйектен – Алматы табиғат қорғау прокурорының орынбасары.

2008 жылғы маусымнан – Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары.

2009 жылғы тамыздан – Ақмола облысы Целиноград ауданының прокуроры.

2011 жылғы қыркүйектен – Ақмола облысы Егіндікөл ауданының прокуроры.

2012 жылғы наурыздан – Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры.

2017 жылғы маусымнан –Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы.

2019 жылғы маусымнан – Астана қаласы прокурорының орынбасары.

2022 жылғы мамырдан – Астана қаласының прокуроры.

2026 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жұмыс бағыттары

Жаңарту күні: