Артқа

Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Мансап

2002 - 2004 жж. - Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы.

2004 - 2005 жж. - Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің (Алматы қ.) маманы.

2005 – 2006 жж. - Сыртқы істер министрлігі Аппаратының атташесі, үшінші хатшысы.

2006 - 2008 жж. - Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы.

2008 - 2011 жж. - Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы.

2011 – 2017 жж. - ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары.

2017 – 2022 жж. - ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы

2022-2023 жж. - Бас Прокурор Аппаратының басшысы.

2023 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

Жұмыс бағыттары