Артқа

Шындалиев Әсет Қазақбайұлы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Шындалиев Әсет Қазақбайұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Мансап

Прокуратура органдарындағы қызметін 1998 жылы Ақмола көлік прокурорының көмекшісінен бастаған. Аға бөлім прокуроры, Орталық өңірлік көлік прокурорының аға көмекшісі лауазымдарында болған.

2002 – 2009 жылдар аралығында еңбек жолын Бас прокуратурада аға прокурордан Бас Прокурор Аппараты басшысы қызметіне дейін өткен.

2009-2010 жылдарда Астана қаласы прокурорының орынбасары, одан кейін Президент Әкімшілігінде еңбек еткен.

Бас прокуратураның Мемлекет мүддесін сотта өкілдік ету (2011-2017), Ішкі тергеп-тексеру (2017-2018) департаменттеріне басшылық жасаған.

Әділет органдарында басшылық лауазымдарда болған. Әділет министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап екі жыл уақыт аралығында Бас Прокурордың Аппараты басшысы болды.

Жұмыс бағыттары