Прокурор және түлектер

Прокурор және түлектер

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы заң факультеттерінің, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және «жетім бала» статусы бар түлектер үшін «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды.

Акция облыс прокуроры Жандос Өмірәлиевтің студенттерді жеке қабылдау форматында өтті.

Облыс прокуроры құқық қорғау органдарына іріктеу қарапайым заң ұйымдарына қарағанда қатаң екенін атап өтті. Кандидаттарға біліміне, жеке қасиеттеріне қатысты жоғары талаптар қойылады, сондықтан жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында тест тапсырып, психологиялық зерттеуден, әңгімелесуден және алдын - ала практикадан өтеді. Осының бәрінде бастысы – кандидаттың қалауы және мақсаттылығы.

Бұл ретте прокуратура барлық жұмысқа орналасуға ниетті азаматтарды, әсіресе балалар үйінің тәрбиеленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды прокуратураға, басқа да құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуда қолдауға дайын.

Кездесу қол жетімді консультативтік көмек көрсету, сондай-ақ еңбек және адамгершілік тәрбиені арттыру, әр оқушының жоғары моральдық қасиеттерін, тәртібін, дербестігін және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Түлектер прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, мұражайда болды.

Сонымен қатар, кез-келген қатысушы өзін алаңдатқан мәселе бойынша жеке құқықтық кеңес және білікті көмек ала алды.

Облыс прокурорының тапсырмасы бойынша балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісіне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер бекітілді.