Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша Комитетінің қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комитеттің орталық аппаратында экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен есептілік мәселелері және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша басқарманың жұмысын ұйымдастыруға жеке жауапты болады, осы мәселелер бойынша аумақтық органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; Комитет басшылығымен, БП және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарымен, басқа мемлекеттік органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен байланысты қамтамасыз етеді; жоспарлы іс-шаралардың, алқа шешімдерінің, БП және Комитеттің аппараттық және жедел кеңестерінің шешімдерінің орындалуын жеке бақылауды ұйымдастырады, БП және Комитет басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің Комитет жұмысының Регламенті талаптарын орындауын қамтамасыз етеді; бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады; Төраға мен оның орынбасарларымен өткізілетін жиналыстарына қатысады; бас сарапшылары - топ басшыларының, бас сарапшылардың және Басқарманың басқа қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналастыру мәселесі бойынша ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді, Басқарманың бас сарапшылары - топ басшыларының топ қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналастыру, көтермелеу немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша ұсынымдарын (ұсыныстарын) қарайды, Басқарма қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар ұсынады; Комитеттің және оның аумақтық органдарында бюджет қаражатының мақсатты, уақтылы және толық игерілуін қамтамасыз етуге жауапты; Комитет басшылығының қарауына Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдарының жұмысында анықталған бұзушылықтар фактілерін жою бойынша ұсыныстар және лауазымды тұлғаларды тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізеді; қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және есептілік, әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешуге бағытталған өзге де іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады және бақылайды; Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуы мен қозғалысын, оның ішінде «ҚБпҮ» белгісі бар құжаттарға бақылауды жүзеге асырады, олардың номенклатуралық іске уақтылы қалыптастырылуын және мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді; Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады; орындаушысы болып табылатын құжаттардың сақталуына жеке жауапты болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.08.2021
- Нұр-Сұлтан қ., Мәскеу көшесі 34 үй
-
8-701-908-52-35, 31-74-06