Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маман-бухгалтері
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚСжАЕКД
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережелері негізінде есеп ұйымдастыруды жүзеге асырады; 1-С бағдарламалық жасақтамасы арқылы тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді, сондай-ақ олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетеді; Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бақылауды және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді, жедел ақпарат беруді қамтамасыз етеді; Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бюджет бойынша бекітілген шығыстар сметасы бойынша ашық лимиттерге және олардың нысаналы белгіленген мерзімде қаржылық есептілікті жүзеге асырады, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды; Жалақының және мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақтылы аударылуын бақылауды қамтамасыз етеді; Белгіленген мерзімде қаржылық есептілікті құрады және ұсынады; Активтердің, тез тозатын және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына, олардың түгел болуын бақылауды жүзеге асырады; Ақша қаражаттарына, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге және оларды есепте көрсетуге қатысады; Веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды бақылауды, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізілетін және жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыруға орындауды бақылауды жүзеге асырады; Қолма-қол ақшаның нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылайды; Салық есептерін тапсыру мерзімдерін бақылайды және Салық комитетімен салыстыру жүргізеді; "Қазынашылық-Клиент" мемлекеттік мекемесімен электронды құжат алмасуды қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.06.2021
- Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 197
-
8 (7112) 51-12-36
8-776-915-48-22