Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Басқарманың бас маман-бухгалтері

Мемлекеттік орган

Жамбыл облысы бойынша ҚСжАЕКД

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есепті жүргізуді оның анықталған ережелерінің негізінде ұйымдастырады, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді, және олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы бухгалтерлік есепте 1-С бағдарламалық қамсыздандыруы арқылы көрсетеді; ,арлық қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды, сонымен қатар, шаруашылық операцияларды жүзеге асыратын бухгалтерлік есептердің шоттағы көрінісін уақытында және дұрыс қалыптастырылуын жүзеге асырады; қаржыны ашық лимитпен және оларды нысаналы мақсатына сәйкес дұрыс және нәтижелі жұмсалуына, сонымен қатар, қаржылық құралдар және материалдық құндылығын бақылайды; Басқарма қызметкерлеріне еңбек ақысын есептейді және уақытында төлеуді қамтамасыз етеді; ұйымдармен және кейбір жеке тұлғалармен сметаларды орындау процессінде пайда болған есептесулерді уақытында жүргізеді; ақшалық құралдарға, есеп айырсу және материалдық құндылықтарға инвентаризация ұйымдастырып және жүргізеді, инвентаризация нәтижесін дұрыс анықтап және оларды есепте көрсетеді; бекітілген мерзімде қаржылық есептілікті құрастырады және ұсынады; активтердің, МБП және басқа да материалдық бағалы заттарды сақталуына бақылауды жүзеге асырады; ақшадай қаражаттарға, есептерге және материалдық бағалықтарға түгендеу жүргізуге және оларды есепте көрсетілуіне қатысады; веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға, сонымен қатар, жүргізілетін және жоспарланған тауарларды мемлекеттік сатып алуға, жұмыс және қызмет көрсету туралы ақпараттарды орналастыруды орындалуына бақылау жүргізеді; салық комитетімен салыстырма жүргізеді; «казначейство-клиент» мемлекеттік мекемесімен электрондық құжат айналымын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.05.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2021 – 28.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.06.2021

Сұхбаттасу орны

Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Қарасу ықшам ауданы, №15 А

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7262) 54-26-66, 8778-371-12-09