Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңымен қарастырылған тәсілдермен Комитетте тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізеді; конкурстар және аукциондарды  (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың, конкурстық комиссияларды құру туралы бұйрықтардың, сарапшыларды немесе сараптау комиссияларын, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін және т. б. бекіту жобаларын әзірлеу)  ұйымдастыру және өткізумен байланысты  жұмыстар жүргізеді; конкурстар және аукциондар ұйымдастыру және өткізуде конкурстық және аукциондық комиссиясының хатшысы функциясын атқарады; ҚР мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында орындаушы болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты дайындауды және орналастыруды жүзеге асырады, мемлекеттік сатып алу саласындағы есептерді, талдауларды, қорытындыларды дайындауды жүзеге асырады; заң жобалары, Президент пен Үкімет, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдар, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - НҚА) бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша заң жобалары, Президент пен Үкіметтің, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді, қабылданған мемлекеттік сатып алуға қатысты НҚА бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының атына қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асырады; Комитеттің алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде, Комитеттің орталық аппараты бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қажеттілігі мен көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комитеттің аумақтық органдарына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; орындаушысы болып табылатын келісілген шарттардың талаптарының өнім берушілердің  орындауына бақылау жүргізеді; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және БП басшылығының хаттарын (сұрауларын), тапсырмаларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуына, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуына жеке жауапты болады; жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.05.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2021 – 24.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

31.05.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Мәскеу к, 34

Анықтама алу үшін байланыс

8-701-908-52-35, 31-74-06