Бас маман-есепші (негізгі қызметкер уақытша бала күтімі демалысында болуына байланысты 25.12.2022 жылға дейін), «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша Басқармасы»

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есепті жүргізуді оның анықталған ережелерінің негізінде ұйымдастырады, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді, және олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы бухгалтерлік есепте 1-Сбағдарламалық қамсыздандыруы арқылы көрсетеді,еңбек ақы мен мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы аударуға бақылауды қамтамасыз етеді, бухгалтерлік жазбалар мен бастапқы құжаттар негізінде шынайы бухгалтерлік есептілікті құрастырады, оны анықталған мерзімдерде жоғары тұрған ұйымдарға және Қазынашылық департаментіне ұсынады.Басқарма мүлкінің сақталуын, тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсырудың дұрыс рәсімделуін және бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың рәсімделуін және анықталған тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді, тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау және жіберілуды рәсімдеудің анықталған ережелерінің сақталуына бақылау жасайды, еңбекақы қорының жұмсалуының дұрыстығын, лауазымдық қызметақының анықталуын, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді, тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін, ақша қаражаттарының түгендеуін анықталған мерзімдерде жүргізеді, анықталған мерзімдерде дебиторлық борыштарды өндіреді және несиелік борыштарды өтейді. Басқарма балансынан негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды, жетіспеушіліктерді, дебиторлық борыштарды және т.б. шығарады, бухгалтерлік есептіліктің бұрмалануы салдарынан пайда болған бухгалтерлік есептегі қараусыз қалушылықтар мен бухгалтерлік есепті қате жүргізу жағдайларында жауаптылыққа тартылады, қабылдаудың анықталған тәртібіне қайшы келетін ақша қаражаттарын кіріске алу, сақталуын және жұмсалуын , операциялар бойынша құжаттарды орындағаны қабылдағаны үшін жауаптылыққа тартылады.Баланстан негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды, жетіспеушіліктер, дебиторлық борышты және т.б. шығарудың тәртібін бүзғаны үшін жауаптылықта тартылады; бухгалтер кінәсінен бухгалтерлік есептіліктің мәліметтері бұрмаланса жауапкершілікке тартылады; жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіреді, өзіне артылғанміндеттер мен қызметтерді уақтылы әрі сапалы орындауда жеке жауаптылыққа тартылады; электр энергиясын және шығын материалдарын үнемдеу режимін қамтамасыз етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды, Басқарма жұмыс регламентінің талаптарын орындайды;Басқарма міндеттері мен Басқарма бастығынан шығатын тапсырмаларды және комитеттің өзге де тапсырмаларын орындайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015 жылғы №410-V Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз сақтайды және орындайды. Құқықтық статистика мен арнайы есеп саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтаған жағдайда дереу басшылыққа хабар береді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2021 – 19.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.03.2021

Сұхбаттасу орны

Атырау қ., Кулманова 48 көшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша Басқармасы

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)27-20-40

8(701)204-44-04