ҚР БП ҚСжАЕК қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитеттің және оның аумақтық органдарының алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерінің жинағын қалыптастырады; бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда Комитеттің және оның аумақтық органдарының алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін негіздеуге және қорғауға қатысады; Комитеттің және оның аумақтық органлдарының міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастырады; міндеттемелер мен төлемдер бойынша Комитеттің және оның аумақтық органдарының индивидуалды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу (жылжыту) бойынша жұмысты орындайды; ағымдағы қаржы жылына арналған Комитеттің штат кестесін жасауды және оны бекітуге дайындауды, Комитеттің аумақтық органдарының ағымдағы қаржы жылына арналған штат кестелерінің жобалары бойынша ұсыныстарды тексеруді және енгізуді жүзеге асырады; алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысады, ол бойынша ұсыныстар енгізеді; Комитеттің профильді құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу, олар бойынша қажетті негіздемелерді, есептеулерді дайындауды жүзеге асырады; қаражаттың игерілуі туралы жедел мәліметтерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, қаржылық мәселелер бойынша есептер мен өзге де мәліметтерді дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асырады; экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы саласында есеп, талдау, жалпылауды дайындауды жүзеге асырады; экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері бойынша заң жобалары, Президент пен Үкіметтің, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарау және енгізуге, қабылданған экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржыға қатысты НҚА бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді; экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері бойынша Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының атына қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асырады;

ҚР БП ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау, Қаржы департаменті, БП басшылығының хаттарын (сауалдарын), тапсырмаларын, экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері бойынша өкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, жеке жәе заңды тұлғалардың, БП мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің хаттары мен сауалдарын орындауды жүзеге асырады; Комитетте және оның аумақтық органдарында бюджеттік қаражаттың қаржылық жай-күйіне және игерілуіне талдау жүргізеді, қаржыландыруды жақсарту және өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді; Комитеттің аумақтық органдарына экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; қызметтік құжаттардың сақталуына, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуына жеке жауапты болады; жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.10.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.10.2020 – 03.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.11.2020

Сұхбаттасу орны

г.Нур-Султан ул. Мәскеу 34

Анықтама алу үшін байланыс

31-74-06 

8-701-908-52-35