Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және есеп алу басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік тобының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік) ГБУИО-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

284821

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитет пен оның аумақтық органдарының қорлары, құндылығы төмен
және тез тозатын заттары бойынша қозғалыс айналымдары бойынша
құжаттарды қалыптастырады, жүргізеді және тексереді (№1310-1319, 1330,
1350 шоттары бойынша № 10 "Арнайы киімді және басқа да жеке
пайдаланылатын заттарды шығару және ауыстыру жөніндегі жинақтаушы
ведомость", № 13 "Материалдарды жұмсау жөніндегі жинақтаушы
ведомость"мемориалдық ордерлерін жасай отырып. № 16 "тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін кірістерді
есептеудің жинақтаушы ведомосы" және № 18 "Өзге операциялар бойынша
кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомосы");
- № 6 "Ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомость"
мемориалдық ордерін қалыптастырады және жүргізеді;
- № 13 "Материалдарды жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость"
мемориалдық ордерін жасай отырып, Комитеттің орталық аппаратының
балансынан қорларды, шаруашылық және кеңсе тауарларын, құндылығы
төмен және тез тозатын заттарды, есептерді және басқа да баптарды есептен
шығаруға актілер дайындайды;
- 1315 "Отын, ЖЖМ" шоты бойынша орталық аппараттың материалдық құндылықтары бойынша талдамалық және синтетикалық есепке алуды
жүргізеді, № 13 "Материалдар шығысы бойынша жинақтаушы ведомость"
мемориалдық ордерін жасайды;
- жол парақтарының қозғалысын есепке алу журналын жүргізеді;
- қорларға, төмен құнды және тез тозатын заттарға, есептеулерге және
Комитет балансында тұрған басқа да баптарға түгендеу жүргізеді, түгендеу
нәтижелерін уақтылы және дұрыс ресімдеуді және оларды Комитеттің
орталық аппараты бойынша есепте көрсетуді жүзеге асырады;
Комитеттің және оның аумақтық органдарының тоқсандық және жылдық
қаржылық есебін жасау кезінде қорлар, төмен құнды және тез тозатын заттар
бойынша жиынтық толық жазуды қалыптастырады және Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасымен салыстырып тексеруді жүргізеді;
- тоқсан сайын жеткізушілермен салыстыру актілерін жасайды;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, комитетінің, қаржы,
ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау Департаментінің
сұрау салулары мен тапсырмаларын орындау үшін аумақтық органдардан
келіп түсетін өзге де ақпаратты жинақтайды;
- Комитеттің аумақтық органдарын бухгалтерлік есеп және есептілік
мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілермен, Нұсқаулық және
өзге де материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге
асырады;
- Комитеттің аумақтық органдарына бухгалтерлік есеп және есептілік
мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
-Комитеттің аумақтық органдарының (комитеттің Ақмола, Ақтөбе, Алматы
облысы, Атырау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ
Алматы қаласы және әскери департаменті бойынша департаменттерінің) қаржылық есептерін жинауға, жинақтауға және тексеруге қатысады;
- комитеттің қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы
жартыжылдық және жылдық есептерді жасауға қатысады;
- Комитет басшылығының, басқарма және топ басшыларының өзге де
тапсырмаларын орындайды;
- бастапқы құжаттардың, есепке алу тіркелімдерінің, бухгалтерлік есептер
мен баланстардың және басқалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- орындаушы болып табылатын құжаттардың сақталуына дербес жауапты
болады;
- жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады;
- Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережеге сәйкес Бухгалтерлік
есеп және есептілік саласындағы өзге де функцияларды орындайды;
- қызметтік құжаттардың сақталуына, оларды номенклатуралық іске
уақтылы қалыптастыруға, тігуге және мұрағатқа тапсыруға дербес жауапты
болады;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына дербес жауапты болады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.10.2024 – 08.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 5 MB

Сұхбаттасу күні

15.11.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ. Мәскеу көш. 34 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-31-79-37

8-701-908-52-35