Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының Бас сарапшысы-топ басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

- топ қызметіне басшылықты, топтың жұмысын жоспарлауды, ұйымдастыруды  және үйлестіруді жүзеге асырады;

- құжаттарды, тапсырмаларды және материалдарды топ қызметкерлері арасында бөледі;

- бюджет бойынша тауарларды, жұмыстарды жеткізушілермен және басқа заңды тұлғалармен, уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

- алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларға қатысады;

- Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының алдағы жоспарлы кезеңге арналған жиынтық бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының қаржыландыру жоспарларын орындау, жобаларды, бекітулерді және т. б. қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, оларға өзгерістер енгізеді;

- Комитеттің орталық аппаратындағы және оның аумақтық басқармаларындағы бюджеттің мақсатты және уақтылы игерілуін бақылауды жүзеге асырады;

- ғимаратты күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады, Комитеттің орталық аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- топтың жұмысын ұйымдастырады, топтың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету,  Комитеттің аумақтық органдарының бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және іске асыру, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;

- жұмысты бақылау мен талдауды және қажет болған жағдайда ұйымдастыруды жүзеге асырады, экономика мәселелері жөніндегі Комитеттің аумақтық органдарында тексерулер, бюджеттік жоспарлау, қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілікті, дайындықты қамтамасыз етеді және негізделген дәлелді ұсыныстар енгізеді, ұсынылатын іс-шаралар бойынша жұмыс жоспарларына, алқа шешімдеріне, жедел және аппараттық кеңестерге қатысады;

- тиісті күтімді, қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады, ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдарын, автомашиналарды пайдалану және жөндеу, комитеттің жабдықтары мен өзге де негізгі құралдармен қамтамасыз етеді;

- ғимараттарды, құрылыстарды, механизмдерді, жабдықтарды,  техникалық жобаларды, сметаларды, шығыстарды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- қажетті ұзақ мерзімді активтерді, материалдарды, қосалқы бөлшектерді энергия шаруашылығы мен автопаркті пайдалануға, сатып алуға өтінімдер мен есеп айырысулар жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- топ ішіндегі қауіпсіздікті, еңбекті және техниканы қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды ұйымдастырады;

-  ғимараттардағы, құрылыстардағы және күзет-өткізу режиміндегі санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау шараларын қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастырады;

- күзет пен өткізу қабілетін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді, нысандардың техникалық нығаюын мүлікпен және мүкәммалмен қамтамасыз етеді;

- тауарларды сатып алуға, сақтауға және материалдық құндылықтарды беруге бақылауды ұйымдастырады;

- комитеттің ғимараттары мен құрылыстарын Инспекциялауға, санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық сәйкестікті бақылауды ұйымдастырады;

-  білікті кадрларды іріктеу мәселелерін шешеді, топ қызметкерлерінің еңбек тәртібін ұйымдастырады;

- техникалық персоналдың жұмысын бақылайды;

-ҚБПҮ белгісі бар құжаттардың сақталуын жүзеге асырады;

-қызметтік құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

- Комитет Төрағасының баяндамаларын (бөлімдерін) дайындауды, алқа отырысының материалдарын, басшының атына, Бас Прокурордың, оның орынбасарларының қызметтік жазбаларын жүзеге асырады;

- бағынысты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

- Бас прокуратура регламенттері талаптарының белгіленген мерзімдері және Комитет, Бас прокуратура басшылығының өкімдері мен тапсырмаларын, топ қызметкерлерінің талаптарды сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- топ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;

- басқарма басшысының қарауына ұсыныстар енгізеді, олардың біліктілігіне сәйкес, топ мамандарын іріктеу бойынша ұсыныстар және жүктелген міндеттер, сондай-ақ қызметкерлерді көтермелеу жөніндегі ұсыныстарға сәйкес тәртіптік және өзге де жауапкершілік жүктеуге қолданыстағы заңнамамен қадағалау;

- істер номенклатурасына сәйкес, топта іс жүргізуді дұрыс жүргізу мен ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз етеді;

- Комитеттің және басқарма басшысының қарауындағы, фактілер өз құзыреттерінің шегінде Комитеттің аумақтық органдарының жұмысындағы бұзушылықтарды, топтың құзыреті, тәртіптік және басқа да бойынша, осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі  бойынша басшылықты хабардар қылу;

- сеніп тапсырылған бағыттан туындайтын жүктелген міндеттер мен функцияларды бақылауды қамтамасыз етеді және орындалуына дербес жауапты болады;

- құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады,  орындаушы болып табылады;

- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға дербес жауапты болады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2024 – 22.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.05.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ. Мәскеу көш., 34

Анықтама алу үшін байланыс

жұмыс тел. 31-74-06, ұялы тел.8-701-908-52-35