Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маман-бухгалтері (негізгі қызметкердің үш жасқа толғанға дейін балаға күтім жасауға байланысты 2026 жылдың қыркүйек айының 20-на дейінгі уақытында)
Алматы қ, бойынша ҚСжАЕКД
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
ұстамдылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өз-өзін дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әріптестік, қызметті басқару қабілеті болуы тиіс.
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық жоспарлауды жүргізу. Барлық қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды, сонымен қатар шаруашылық операцияларды жүзеге асыратын бухгалтерлік есептердің шоттағы көрінісін уақытында және дұрыс қалыптастырылуын жүзеге асырады. Қаржыны ашық лимитпен және оларды нысаналы мақсатына сәйкес дұрыс және нәтижелі жұмсалуына, сонымен қатар қаржылық құралдар және материалдық құндылығын бақылайды. Қызметкерлердің еңбек ақысын есептейді және уақытында төлеуді қамтамасыз етеді. Ұйымдармен және кейбір жеке тұлғалармен сметаларды орындау процесінде пайда болған есептесулерді уақытында жүргізеді. Ақшалай қаражатқа, есеп айырысу және материалдық құндылықтарға түгендеуді ұйымдастырады, түгендеу нәтижесін дұрыс анықтап және оларды есепте көрсетеді. Бекітілген мерзімде қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті құрастырады және ұсынады. Активтердің және басқа да материалдық бағалы заттарды сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ақшалай қаражаттарға, есептерге және материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге және оларды есепте көрсетілуіне қатысады. Веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға, сонымен қатар жүргізілетін және жоспарланған тауарларды мемлекеттік сатып алуға, жұмыс және қызмет көрсету туралы ақпараттардың орындалуына бақылау жүргізеді. «Алматы қаласы Қазынашылық департаменті» ММ «Казначейство-Клиент» жүйесі арқылы электрондық құжат айналымын және, «е-Минфин» жүйесінде есептерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
7270757@kgp.kz
- 02.04.2024
- Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 145
-
87759760139, 272-57-08