Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің бас маман-бухгалтері, 1 – бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің бекітілген қағидаларының негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастырады. Кезекті жоспарлы мерзімге бюджеттік өтінімді жасайды және ұсынады, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлейді және бекітеді (қайта бекіту) қағидаларының негізінде бюджеттік бағдарламаларды жасау және бекітуге дайындайды.  Міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын дайындайды, «Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» ереженің негізінде бюджетті орындау бойынша бюджеттік есептілікті құрады және ұсынады. Есептерді, аванстық есептерді және өзге де қаржылай құжаттарды дұрыс ресімдеуге бақылау жасайды, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптерді сақтауды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті және тауар-материалдық құндылықтар бойынша есептерді жүргізеді,  негізгі жабдықтардың талдау есебін жүргізеді, айға, тоқсанға және жылға бухгалтерлік есепті  уақытылы және сапалы жасайды. Активтерге, тауар-материалдық құндылықтарға түгендеуді уақытылы жүргізеді. Сатып алуды өткізу нысанына және затына қарамастан мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды жасайды. Салық органына тоқсандық және жылдық есептерді және кіріс және әлеуметтік салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияларды  уақытылы ұсыну. Салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, еңбекақыны, демалыс және еңбекке жарамсыздық парағы, өтемақы төлемдерді, қызметкерлердің іссапар шығындарын төлеуді жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық келісімдерін тіркеуге өтінімдерді, төлеу үшін төлемдерге есептерді Қазынашылық органдарына ұсынады. Қатаң есептілік бланкілерін есепке алуды және сақтауды жүргізеді. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, мұрағатқа беру үшін бекітілген тәртіпке сәйкес оларды ресімдейді. Құжаттарды сапалы орындау (шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, хаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, депутаттық сұранымдар және т.б. бойынша ақпараттар), белгіленген мерзімде орындалған құжаттарды бақылаудан алу. Бухгалтерлік  жұмыс бойынша ақпараттық жүйелердің жұмыстарын қамтамасыз етеді. Игеру, бюджеттік қаражатты игерудің ай сайынғы мониторингі.

Блок В.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.08.2023 – 04.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон: 87004982121