Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Астана қаласы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында көзделген тәсілдермен Комитетте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
- конкурстар мен аукциондарды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты жұмыстарды орындайды (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың жобаларын, конкурстық комиссияларды құру туралы, сарапшыларды немесе сараптау комиссияларын бекіту туралы бұйрықтарды дайындау, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін және т. б. бекіту);
- конкурстар мен аукциондарды ұйымдастыру және өткізу кезінде конкурстық және аукциондық комиссия хатшысының функцияларын орындайды;
- ҚР мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты дайындауды және орналастыруды жүзеге асырады;
- мемлекеттік сатып алу саласындағы есептерді, талдауларды, қорытындыларды дайындауды жүзеге асырады;
- заң жобалары, Президент пен Үкімет, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдар, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - НҚА) бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді;
- Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының атына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асырады;
- Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер (жылжымалы) енгізу жөніндегі жұмысты орындайды;
- Комитеттің ағымдағы қаржы жылына арналған штат кестесін жасауды және бекітуге дайындауды, тексеруді жүзеге асыруды және Комитеттің аумақтық органдарының ағымдағы қаржы жылына арналған штат кестелерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады;
- алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге, ол бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады;
- қаражаттың игерілуі туралы жедел мәліметтерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, қаржылық мәселелер бойынша есептерді және өзге де мәліметтерді дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Комитетінің аумақтық басқармаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
- Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік тобы мемлекеттік сатып алуды өткізуге өтінімді, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерді, біліктілік талаптарын, коммерциялық (бағалық) ұсыныстарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды ұсынған кезде мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы шарттар тізілімінде мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты толтырады;
- мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, БП және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің хаттары мен сұраныстарын, БП Қаржы департаментінің және БП басшылығының хаттарын (сұраныстарын), тапсырмаларын орындайды;
- ҚБП белгісі бар құжаттардың сақталуын жүзеге асырады;
- қызметтік құжаттардың сақталуына, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуына дербес жауапты болады;
- жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына дербес жауапты болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.06.2023
- Астана қ. Мәскеу көш., 34
-
8-701-908-52-35, 31-74-06