Алматы облысының мемлекеттік органдарымен жұмыс кездесі туралы

Жарияланған күні: 25 ақпан 2025

 

Комитет Мемлекет басшысының инвесторларды қорғау жөніндегі «Прокурорлық сүзгіні» жүзеге асыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйелерінде электронды түрде тексерулерді тағайындау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғаудың заңдылығын тексеруді прокурормен міндетті электрондық келісу механизмдерін енгізді.

Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті өңірдің мемлекеттік органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, онда қатысушыларға «Кәсіпкерлік кодекстің» және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің» жаңашылдықтары түсіндірілді.   

Бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

#Заң_мен_тәртіп

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті