ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ КРИМИНАЛДЫҚ АУА РАЙЫ

Жарияланған күні: 15 қыркүйек 2020

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 100 мың тұрғынға тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық деңгейін ескеріп, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы қылмыстылық туралы мәліметтерді талдады.

Ең криминалды Қостанай (100 мың тұрғынға шаққанда 1974 қылмыстық құқық бұзушылық), Көкшетау (1881), Алматы (1518), Өскемен (1664) қалалары болып табылады.

Бұл ретте, әрбір өңірдің өзіндік ерекшеліктері бар.

Мысалы, Алматы қаласында ұрлық (810,1) пен тонаудың (41,1) жоғары деңгейі байқалады.

Жалпы соңғы бес жылда Алматы қаласында осы қылмыстардың жоғары деңгейі сақталуда.

Орал қаласы үшін ұрлық (581,9), тонаудың (44,4) жоғары деңгейі тән.

Павлодар қаласы (9,5), Қарағанды қаласы (6,6) мен Тараз қаласында (8,8) адам өлтірудің жоғары деңгейі байқалады.

Ақтау қаласында зорлаудың (10,1), Өскемен қаласында тонаудың (37,4), Ақтөбе қаласында бұзақылықтың (38,3), Петропавл қаласында алаяқтықтың (276,0) жоғары деңгейі байқалады.

Көкшетау қаласындағы бұзақылық (62,0) ерекше жоғары деңгейі, сондай-ақ Қостанай қаласында алаяқтықтың (408,8) және Ақтау қаласында есірткі қылмыстарының (184,7) жоғары деңгейі өзіне көңіл аудартады.

Табиғи өсiммен немесе ішкі көші-қонға байланысты халық санының серпінін есепке алумен абсолюттік цифрлардағы қылмыстылық туралы статистика жағдайды толығымен көрсетпейді.

Келтірілген деректердің аясында Түркістан қаласының салыстырмалы түрде қолайлы криминалдық ахуалы байқалады.