ҚАЗАҚСТАНДА ІЗДЕУ САЛУ (27.08.2020 ж.)
Қазақстанда іздеу салуды ішкі істер органдары, экономикалық тергеу жүргізу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асырады.
Барлық іздеу істерін тіркеу, сонымен қатар мемлекетаралық ақпараттар банкімен өзара байланыс жасау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта 10 983 тұлғаға іздеу салынған, оның 2 294 хабар-ошарсыз жоғалған тұлғалар.
Алматы қ. (321), Алматы облысы (306), Шығыс Қазақстан облысы (228) және Қарағанды облысында (234) хабар-ошарсыз жоғалғандар көп.
30 жастан 49 жас аралығында әртүрлі жағдайлармен көбінесе жиі ер адамдар (76%) жоғалады.
Сонымен, үйінен кетіп оралмағандар (1746), автокөлікпен жоғалғандар (74), жұмыстан кеткендер (38).
Сонымен бірге, елімізде тергеуден және соттан жсырынған 2 504 тұлғаға іздеу салынған, ең көбі алаяқтық (464), ұрлық жасау (280) және кісі өлтіргені (154) үшін Алматы қ. (496), Алматы облысы (230), және Шығыс Қазақстан облысында (205), бұлар негізінен 31 жастан 40 жас аралығындағы ер адамдар.