2020 жылы қылмыстар саны азайды

Жарияланған күні: 13 тамыз 2020

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2020 жылдың 7 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жинады.

Қылмыстың ең жоғары деңгейі Алматыда-1565, ал ең төмені Түркістан облысында, ел бойынша орта есеппен 100 мың тұрғынға шаққанда 920 қылмыс байқалады.

Біз сондай-ақ БҰҰ бекіткен қылмыстардың халықаралық жіктемесі бойынша Қазақстандағы қылмыс деңгейі туралы деректерді талдап, қылмыскердің портреттерін жасадық.