Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға қалай апостиль қоюға болады?

Жарияланған күні: 24 сәуір 2024

Құжаттарға апостиль қою Гаага конвенциясына қосылған шет мемлекеттерге ұсыну үшін қойылады.

Ол үшін:

- Жақын жерде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына  бару керек.

- Апостиль қою үшін ұсынылған прокуратура, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын қоса тіркей отырырып, өтініш беріңіз.

- Апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлеңіз. 

Дайын құжатты 5 күннен 10 жұмыс күніне дейін мерзім аралығында алуға болады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы

 есепке алу жөніндегі комитеті