2023 жылдың 6 айындағы қылмыстылық жағдайы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2023 жылдың 6 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.
Елдегі қылмыстылықтың деңгейі 16,6%-ға төмендеді, 87070-тен 72575-ке дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.
Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 738 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалады – 1324, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 269.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.