2022 жылдың 12 айындағы қылмыстылық жағдайы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2022 жылдың 12 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.
Елдегі қылмыстылықтың деңгейі - 0,3%-ға түсті, 157884-тен 157473-ке дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.
Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 799 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласында байқалады – 1621, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 281.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.