2022 жылдың 6 айындағы қылмыстылық жағдайы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2022 жылдың 6 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.
Елдегі қылмыстылықтың деңгейі 1,1%-ға өсті, 86112-ден 87070-ке дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.
Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 915 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласында байқалады – 1915, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 322.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.