2021 жылдың 12 айындағы қылмыстылық жағдайы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2021 жылдың 12 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.
Елдегі қылмыстылықтың деңгейі 3,3%-ға төмендеді, 163226-дан 157884-ке дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.
Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 827 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласында байқалады – 1375, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 282.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.