2021 жылғы 9 айы бойынша жолдардағы апаттардың жай-күйі туралы
Құрметті азаматтар, жол қозғалысы қағидаларын сақтауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Статистика көрсетіп отырғандай, а.ж. 9 айында 9,5 мыңға жуық апат орын алды, соның салдарынан 12,5 мың адам зардап шекті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол - көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 5,5% - ды құрады. 1,4 мың адам қаза тапты (12,1% - ға өсті), оның ішінде 134-і кәмелетке толмаған балалар, 384-і әйелдер және 1033-і ер адамдар.
Бұрынғыдай апаттардың ең көп саны Алматы қаласының жолдарында орын алады – 2295 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 316 адам қайтыс болды. Елордада 399 ЖКО тіркелді.
Еліміздің жолдарыдарындағы апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайты «qamqor.gov.kz» «Ақпараттық сервис» бөлімінде көруге болады. Ол үшін «Геоақпараттық жүйелер» терезесіне өтіп, «ЖКО» қосымша бетін таңдау қажет.
Ескертпе: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жарақат алған немесе қаза тапқан ЖКО-ның есебін ғана жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
press@kgp.kz