2021 жылдың 9 айындағы қылмыстылық жағдайы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2021 жылдың 9 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.
Елдегі қылмыстылықтың деңгейі 1%-ға төмендеді, 126499-дан 125180-ге дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.
Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 883 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында байқалады – 1489, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 310.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.