2021 жылдың 3 айындағы қылмыстылық жағдайы

Жарияланған күні: 16 сәуір 2021

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2021 жылдың 3 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.

Елдегі қылмыстылықтың деңгейі 13,3%-ға төмендеді, 47673-тен 54990-ға дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.

Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 1024 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласында байқалады – 1604, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 357.

Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz