Қазақстан қалаларындағы криминалдық ауа райы

Жарияланған күні: 22 қаңтар 2021

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 100 мың тұрғынға тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық деңгейін ескеріп, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы қылмыстылық туралы мәліметтерді талдады.

Ең криминалды Қостанай (100 мың тұрғынға шаққанда 1636 қылмыстық құқық бұзушылық), Көкшетау (1600), Өскемен (1519), Алматы (1480) қалалары болып табылады.

Бұл ретте, әрбір өңірдің өзіндік ерекшеліктері бар.

Мысалы, Алматы қаласында ұрлық (753,2) пен тонаудың (41,8) жоғары деңгейі байқалады.

Жалпы соңғы бес жылда Алматы қаласында осы қылмыстардың жоғары деңгейі сақталуда.

Орал қаласы үшін ұрлық (573,8), тонаудың (40,4) жоғары деңгейі тән.

Павлодар (8,3), Қарағанды (5,4) және Тараз (6,9) қалаларында адам өлтірудің жоғары деңгейі байқалады.

Ақтау қаласында зорлау (6,0), Өскемен қаласында тонау (29,7), Ақтөбе қаласында бұзақылық (34,4), Петропавл қаласында алаяқтық (309,7) жоғары деңгейде.

Тараз қаласында бұзақылықтың (39,2) ерекше жоғары деңгейі, сондай-ақ Қостанай қаласында алаяқтықтың (377,4) және Ақтау қаласында есірткі қылмыстарының (164,2) жоғары деңгейі өзіне көңіл аудартады.

Табиғи өсiммен немесе ішкі көші-қонға байланысты халық санының серпінін есепке алумен абсолюттік цифрлардағы қылмыстылық туралы статистика жағдайды толығымен көрсетпейді.

Келтірілген деректердің аясында Түркістан қаласының салыстырмалы түрде қолайлы криминалдық ахуалы байқалады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz