2020 жылдың 12 айындағы қылмыстылық жағдайы

Жарияланған күні: 22 қаңтар 2021

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2020 жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қалыптастырды.

Елдегі қылмыстылықтың деңгейі 33%-ға төмендеді, 243-тен 163-ке дейін қылмыстық құқық бұзушылықтарға азайды.

Орташа республикалық көрсеткішке сәйкес 100 мың тұрғынға 871 қылмыстан алғанда, қылмыстардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласында байқалады – 1480, ал ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 296.

Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген Қылмыстарды халықаралық жіктеу бойынша Қазақстандағы қылмыстардың деңгейіне, сотталушылар туралы мәліметтерге талдау жүргізілді және қылмыскердің портреті жасалды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz