Мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру

Мемлекеттік құқықтық статистика-қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық салалардағы ведомстволық есепке алудың орталықтандырылған жүйесіне негізделген мемлекеттік статистика саласы

Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алуды жүргізудің міндеттері:

1) бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы Мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды тиімді және жеткілікті ақпараттық қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту.

2. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу қағидаттарында жүзеге асырылады:

1) Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені басқару бірлігі;

2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілігі, жеткіліктілігі, тұрақтылығы және салыстырмалылығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте құқықтық статистикалық ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы;

4) адамның және азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұлжытпай сақтау.

Жарияланған күні

04 тамыз 2020

Жаңарту күні

04 тамыз 2020