Артқа

Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Туған жылы: 3 қаңтар 1979 жыл

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясы, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университеті (құқықтану)

Мансап

Серікжан Мырзалы еңбек жолын 1999 жылы Павлодар қаласының аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі болып бастады;

Кейіннен Павлодар облысы ІІД тергеу қызметінің тергеушісі, Павлодар қаласы ІІБ Оңтүстік ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды;

Әр жылдары Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана қаласының прокуратура органдарында, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің орталық аппаратында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында басшылық лауазымдарында болды;

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі, Бас прокуратураның орталық аппаратының құрылымдық  бөлімдерінің басшысы болды. Өскемен қаласының прокуроры, Қостанай облысы прокурорының орынбасары болған;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай және Қызылорда облыстары бойынша департаменттерін басқарды, ҚР Ішкі істер  министрлігінің  Штаб-департаментті бастығының орынбасары қызметін атқарды;

2024-2026жж. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы;

2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жұмыс бағыттары