Артқа

Ахметбаев Нұрлан Стаханұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Туған күні: 23.09.1975

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы - Құқықтану.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықақы, құрметті атақтары:

II дәрежелі «Айбын» ордені.

Мансап

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер Министрлігінің акциз өнімдерінің өндірілуі және өңделуі бойынша мемлекеттік қадағалау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (2001-2002);

Ақмола облысы Жақсы ауданы прокурорының көмекшісі (2002 -2003);

Ақмола облысы Степногорск қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі (2003-2004);

Ақмола облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры (2004-2005);

Орталық аймақтық көлік прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры (2005-2006);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының көліктегі заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры (2006-2009);

Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары (2009-2011);

Бас көлік прокуратурасы Астана қаласының  Әуе көлік прокуроры (2011- 2016);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы (2016-2021);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаментінің бастығы (2021–2024);

Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары (2024–2026);

2026 жылғы тамызында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары.

 

Жұмыс бағыттары