Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

«Оң жақ рульді» автомашиналарды тіркеу көзделмейді, өйткені 2009 жылдан бастап оған тыйым салынған. Тыйым салу «Жол жүрісі туралы» Заңда және «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген.

«Оң жақ рульді» автомобильдер бастапқыда сол жақты қозғалысы бар елдерде - Жапония, Ұлыбритания және т.б. пайдалану үшін конструктивті түрде жасалған. 

Аталған автомобильдерді оң жақты қозғалысы бар жолдарда айдау кезінде, жүргізушілердің көру бұрышы шектеулі болғандықтан басып озу, солға бұрылу және т.б. маневрлер қауіпсіз жасауды қиындатады.

Басқару органдары оң жақтан сол жаққа орналастырылып қайта жабдықталған автомобильдерменшік иесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік ұсынғаннан кейін ғана тіркеуге жатады.

Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті Сауда және интеграция министрлігі аккредиттеген сынақ зертханалары береді.