Криминалдық полиция

Криминалдық полиция қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Функциялары:
- қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
- заңнамада белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша операцияларды, сондай-ақ өзге құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың оларды жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдемдесуді ұйымдастыру және өткізу;
- қылмыс жасаған, тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан, әскери қызметтен жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды және өзге де адамдарды іздестіруді, танылмаған мәйіттерді сәйкестендіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың жүргізілуін, оның ішінде оларды жүргізу құқығына ие ішкі істер органдарының бөліністері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыру;
- бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- ішкі істер органдары жүргізетін өңіраралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстардың ашылуын ұйымдастыру;
- қылмыстарды ашу, қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшін ақпараттық-аналитикалық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану;
- арнайы есептерді қалыптастыру және жүргізу;
- ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдардың жүріс-тұрысын жедел бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу;
- қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламаны орындау;
- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын қорғауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу;
- жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесуге қатысу.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 05 желтоқсан 2025Мерзімді БАҚЖаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды.
- 05 желтоқсан 2025Мерзімді БАҚ«Пәтер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
- 05 желтоқсан 2025Біз туралы БАҚПриозерскіде бір әйелді құтқару үшін полиция қызметкері биіктіктен қауіпті секіріс жасады
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының Заңнамасына Сәйкес, ұрлық фактісі анықталған жағдайда болған оқиға туралы 102 телефоны арқылы хабарлау немесе аумақтық полиция бөлінісіне шағымдану қажет. Берілген өтініш
ақпаратты есепке алу кітабында кейін қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелетін болады. Тіркелген қылмыстық іс (СДТБР) бойынша қылмыскерлердің жеке басын анықтау мақсатында кінәлі адамдарды анықтауға және оларды жауапқа тартуға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілетін болады.
Жоғалған адамды іздестіру фактісі бойынша жақын жердегі полиция бөліміне (басқармасына) хабарласу қажет. Әрі қарай, СДТТБР шеңберінде және ІІ арқылы
кейіннен жоғалған азаматтың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілетін болады.


