жол жүрісі, көше-жол желісінде көліктік және өзге де қызметті жүзеге асыру тәртібі мен жағдайларын айқындайтын, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің, нормативтердің, қағидалар мен стандарттардың;
жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қағидалардың, нормативтер мен стандарттардың;
автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстары мен теміржол өтпелерін жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп ұстау қағидаларының;
жол жүрісін реттейтін техникалық құралдарды орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қағидалардың, нормативтер мен стандарттардың;
көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жай-күйіне талаптарды белгілейтін техникалық регламенттердің, қағидалар мен стандарттардың;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың орындауы үшін міндетті жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың, қағидалардың, нормалардың, нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқамалар берудің;
көлік құралдарының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру, оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.