«Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бақармасы» ММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы
Павлодар облысының әкімдігі
Павлодар облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық (білім саласы)
- Құқықтану
- Өнер (білім саласы)
- Сәулет
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Функционалды міндеттер
Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі материалдарды (қаулыларды, нұсқамаларды, хаттамаларды) дайындауға, заңнаманы, заңнамада көзделген басқа да шараларды бұзушылықтарды жою туралы, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша талап арыздарды дайындауға қатысу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдауға қатысуға; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысуға; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органмен өзара құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша; статистикалық есепті жүргізу мәселелері бойынша ҚР БП ҚСжАЕК-пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау.
Функционалдық блок «А».
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.07.2022
- г. Павлодар, ул. Ак. Сатпаева, 49
-
66-36-56