Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары
Павлодар облысының әкімдігі
Павлодар облысы
512005
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Машина жасау
- Құрылыс
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Кадастр
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
бизнес, управление и право (финансы и кредит); сельское хозяйство и биоресурсы (агроэкология и/или фермерское дело); инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли (машины и оборудование нефтяных и газовых промыслов и/или гидромелиорация)
Функционалды міндеттер
1) Жедел сұрақтарды шешеді;
2) Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; жер қатынастары және су ресурстары; азық-түлік тауарларына баға белгілеу, ауданның тұрақтандыру азық-түлік қорының жұмысын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту; ауданның экологиялық қауіпсіздігі; орман, аңшылық және балық шаруашылығы; төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік етеді және үйлестіреді;
3) ТҮКШ, ЖК және АЖ, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің және Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына қызметіне жетекшілік етеді;
4) Фермерлік шаруа қожалықтарын, өндірістік кооперативтерді, халыққа тұрмыстық және саудалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және дамытуға ықпал етеді;
5) Ағымдағы мәселелер бойынша ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекциясы комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен, барлық меншіктегі АӨК кәсіпорындарымен, ауылдық округтердің әкімдерімен, аудандық телекоммуникация торабымен, аудандық статистика басқармасымен, «Энергоцентр» АҚ аудандық учаскесімен, «ПРЭК» АҚ аудандық электр желілері учаскесімен, жол ұйымдарымен, сонымен қаар өрт сөндіруге қарсы, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады;
6) Көрсетілген салалардағы болжамдардың жай-күйін талдауға және әзірлеуге қатысады;
7) Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
8) Ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
9) Инженерлік, көліктік инфрақұрылым, абаттандыру, автомобиль жолдары мен коммуникацияларды қайта құру және жөндеу, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, энергетика, көлік, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау кәсіпорындарының жұмысы мәселелерін шешеді;
10) Коммуналдық шаруашылықты дамыту, кешенді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламаларының, көшені жарықтандыру желілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың, аудандық инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстаудың, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету саласындағы өңірлік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
11) Азаматтарды жеке қабылдау және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.04.2022
- ул. Ак. Сатпаева, 49м
-
66-36-56