«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ балалардың құқығын қорғау және инклюзивтік білім беру бөлімінің бас маманы
Павлодар облысының әкімдігі
Павлодар облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Филология
- Дінтану
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика ( физика и астрономия);
Функционалды міндеттер
Облыстың қалалары мен аудандарының білім беру бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу, олардың қозғалысы мәселелері бойынша, оларды одан әрі қабылдау, бала қонақтайтын отбасыларға қорғаншылыққа/қамқоршылыққа, патронатқа орналастыру мәселелері бойынша, балаларды асырап алу, оларды өңірлік және орталықтандырылған есепке қою, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарды, балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдіргендерді республикалық деректер банкіне мәліметтер енгізу мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді. Асырап алынған балалар бойынша көші-қон полициясы басқармасымен, сондай-ақ Әділет департаментімен асырап алынған балаларды салыстыру бойынша жұмыс жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық салада қорғаншылық және қамқоршылық органдарына консультациялық көмек көрсетеді. Халықаралық бала асырап алу мәселелері бойынша сот процестеріне қатысады. Қорғаншылықтағы/қамқоршылықтағы, патронаттағы жетім балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру органдарының қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. "Жетістік формуласы" жобасының жұмысын үйлестіреді. "Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктері" балалар қозғалысының жұмысын үйлестіреді. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру органдарының жұмысына жетекшілік етеді. Құзыреті бойынша мәжілістерді, семинарларды, конкурстарды, конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғаммен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады. Есептіліктің статистикалық әкімшілік нысандарын жинауды, ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДҚ) паспортты толтыруды, жетекшілік ететін мәселелер бойынша қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдерімен ҰБДҚ толтыруды бақылауды жүзеге асырады. Патронаттық тәрбиедегі және асырап алушы отбасылардағы қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы балалар қатарындағы түлектердің жұмысқа орналасу мәселесіне жетекшілік етеді. Павлодар облысындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы баяндамаға талдамалық материалдарды, анықтамаларды, мақалаларды, материалдарды дайындауды, оларды ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне уақтылы ұсынуды жүзеге асырады. Құзыреті бойынша облыс әкімдігінің қаулыларын дайындайды. Өзінің функционалдық міндеттерін орындау бойынша басқарманың басқа бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасайды. Кәсіби біліктілігін арттырады. Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды. Өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, ҚБПҮ өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды. Мұрағатқа тапсыруға құжаттарды дайындайды және қалыптастырады. Бірыңғай автоматтандырылған "E-Kyzmet"ж үйесінде жұмыс істей алады. Бөлім құзыреті бойынша қаулылар жобасын әзірлейді. Өз құзыреті шегінде басқарма басшысының, оның орынбасарларының, балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімі басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Функционалдық блок «А».
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.03.2022
- Ак. Сатпаева, 49 көшесі
-
66-36-56