ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БУЫНЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Кіріспе

Кіріспе

Осы Тұжырымдаманы әзірлеудің қажеттілігі әрбір білім беру мекемесінің және тұтас өңірдің бар ресурсын дамыта отырып, тез өзгеретін әлем өміріне жас буынның ішкі әлеуетін дамыту бойынша күрделі міндетті шешудің қосымша мүмкіндіктерін іздестіруден туындап отыр, ол «функцианалды сауаттылық» ұғымына біріктірілген құзыреттер жиынын қалыптастыруды ұсынады.
Бұл Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерінде көрініс тапты және оны әзірлеудің өзектілігін көрсетті.
Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеудің Тұжырымдамасын әзірлеуге ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдаулары: 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген, тәрбие процесін ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері, әдіснамалық негіздері, шарттары және күтілетін нәтижелері белгіленген Тәрбиенің тұжырымдамалық қағидалары негіз болып табылады.
Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеу Тұжырымдамасының мазмұны, Тұжырымдамалық негіздер сияқты білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді біріктіруге, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идея, отбасылық тәрбие құндылықтары негізінде тәрбиенің мазмұны мен құрылымын, әдіснамасын жаңартуға, оқу және тәрбие процесін біріктіруге бағдарланған.
Тұжырымдаманың құрылымы өңірлік Тұжырымдама құрудың қисыны, Павлодар облысының жағдайы, қалыптасқан инфрақұрылымы мен педагогикалық тәжірибесін ескере отырып, еліміздің бірыңғай кешенді тәрбиелік жүйесімен мазмұндық өзара байланысын сақтау қажеттілігіне құрылған,Тәрбиелік Тұжырымдама негіздерінің құрылымына сәйкес келеді.
Павлодар облысы – ағартушы, ғалым, өнер адамдарының бүтіндей шоқ жұлдызын дүниеге әкелген киелі жер. Бұл қазақстандық патриотизм, азаматтылық, ізгілікке бағдарланған балалар мен жас оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелік зор әлеуетке ие, тарихи және мәдени ескерткішке бай бірегей өлке.
Ағымдағы жағдайдың талдауы
Облыстың білім беру жүйесі өзінің тәрбие жұмысын тәрбие беру саласындағы мемлекеттік саясат белгілеген міндеттерді шешуге арналған барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып құрайды.
Барлық үлгі және деңгейдегі білім беру мекемелері, қосымша білім беру мекемелерінің қызметі, балалар мен оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа формаларының мазмұны тәрбие жұмысының барлық бағыттарын қамтиды:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
2) рухани-адамгершілік тәрбие;
3) ұлттық тәрбие;
4) еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
5) көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
6) интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
7) дене және салауатты өмір салты тәрбиесі.
Павлодар облысында 5 мыңнан аса оқушыны қамтыған 4 мыңға жуық үйірме, 272 әскери-патриоттық клуб, 224 мұражай және мектеп тарихының бұрыштары жұмыс істейді.
Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласын, оның ішінде «Тәрбие және білім» бағдарламасын іске асыру аясында білім беру мекемелері 3 Негізгі бағыттар бойынша 12 облыстық және 22 Республикалық жобаларды іске асырады:
-Өлкетану,
-СаналыАзамат,
-Отаным-тағдырым.
Дарынды балаларды дамыту және қолдау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Бірыңғай білім беру кеңістігін құру негізі ретінде оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілетін ертерек анықтау және дамытуды балалардың бос уақытын қамту және дарынын дамыту орталығы «Ертіс дарыны» жүзеге асырады, мұнда «Алтын сын»,«Жас ғалым», олимпиадалық резерв мектептері, «PV эрудит» жас зияткер мектебі, оқушылардың олимпиада және конкурстарға ойдағыдай қатысуына мүмкіндік беретін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады.
Оқу үздіктері, жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары үшін жаз мезгілінде Астана қ. «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне бару үшін (оқушылар саны - 30 мыңнан аса оқушы балалар) экскурсиялар өткізілді.
Павлодар облысының барлық мектептері, мектепке дейінгі, қосымша білім беру мекемелері, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары оқушылардың жалпы адами құндылықтарды тану және тиісті мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға қабілетті «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
Қосымша білім беру ұйымдарының желісі даму үстінде.
Облыс қалалары мен аудандарында балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен дамуын қамтамасыз ететін 92 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді (47 мектептен тыс мекеме және 45 аула клубы).
2017 жылы Павлодар қаласында «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығы ашылды, бір жыл ішінде 2700 оқушы сауығып демалды. 2017 жылдың ішінде ауылдық аудандық орталықтарда: Баянауыл ауданында – 100 оқушыны қамтыған балалар шығармашылық үйі, Шарбақты ауданында - 117 оқушыны қамтыған ДТ балалар-жасөспірімдер клубы ашылды. Ақсу қаласы Жас натуралистер бекетін қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мектептерде оқушыларды сабақтан тыс және қосымша біліммен жалпы қамту 93,7%-ды құрайды.
Жазғы мезгілде 90 мыңнан астам оқушы ұйымдастырылған бос уақыт, сауықтыру және демалыспен қамтылған (99,0%).
2017 жылы жасөспірімдердің қылмыс көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда облыс бойынша едәуір азайды (47-ге: 120-дан 73-ке төмендеді).
Білім беру жүйесінің даму стратегиясын анықтайтын бағдарламалық құжаттарда (ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж. арналған бағдарламасы) тәрбие жұмысын ұйымдастыру деңгейінің төмендеуі көрсетілген, ол мынадай жағымсыз аспектілерден көрінді:
- отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар рөлінің әлсіреуі;
- еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;
- балалар мен жастардың төмен деңгейлі БАҚ ақпаратттары және интернет-сайттың жеке порталының хабарларымен әуестігі, сол арқылы қаталдық, әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы, діни экстремизм, есірткі заттар қолдануды насихаттау іске асырылады,оның салдары балалар мен жасөспірімдерді темекі шегуге алып келеді, жағымсыз әсерге қарсы тұру бойынша жұмыстың нәтижелігін төмендетеді, оқушылардың әлеуметтік дағдыларының төмен деңгейде қалыптасуына себеп болады.
Тәрбие жұмысы жүйесін құрудың қолдағы бар оң тәжірибесі және нақты жағдайда оны ұйымдастыру нашар зерделенеді және насихатталады, педагогикалық қоғамдастық арасында таралуға мүмкіндік бермейді.

Тұжырымдаманың мақсаты

Тұжырымдаманың мақсаты

Тұжырымдаманың мақсаты: қоғам өмірінің нормалары және салт-дәстүрлеріне сай келетін сана-сезімді, жеке тұлғаның әдеп принциптерін, оның моральдық қасиеттері мен алға қойған мақсатты қалыптастыру мен айқындау үшін жалпы облыста және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесін дамыту және жетілдірудің бағыттарын, ұйымның мазмұны мен инновациялық нысандарын іске асыру тетіктерін анықтау

Міндеттері

Міндеттері

Міндеттері:
- тәрбие саласындағы мемлекет саясатының мән-мәтіндегі басымдылықтар ретінде жалпы облыста және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесін дамыту және жетілдірудіңнегізгі бағыттарын, ұйымның мазмұны мен инновациялық нысандарын іске асыру тетіктерін анықтау.
- Павлодар облысында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын іске асыру стратегияларын, бағыттарын тетіктерін әзірлеу;
-күтілетін нәтижені, оларға қол жеткізу көрсеткіштері мен индикаторларын анықтау.
Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері тәрбие процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысы жүйесін дамыту мен жетілдірудің келесідей әдіснамалық қағидаларын іске асыруды ұсынады:
гуманистік бағыттағы принцип, ол оқу-тәрбие процесінің субъектілерін адамгершілік қарым-қатынас негізінде өзара әрекеттестік стратегиясы, тәрбиеленушіні өздігінен даму субьектісі ретінде қабылдауды көздейді;
жалпы адами құндылықтар принципі, ол рухани-адамгершілік дәстүрлер, ұлттық және әлемдік этика нормалары негізінде тәрбиелеуді көздейді;
мәдени сәйкестілік принципі, тәрбиенің негізі жалпыадамзаттық құндылықтаржәне ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылады;
үздіксіздік принципі, өмірінің барлық кезеңінде тұлғаның жан-жақты дамуын, шығармашылық әлеуетінің баюын, жалпы мәдени және кәсіби өсуін көздейді;
табиғи сәйкестілік принципі, табиғат дамуының жалпы заңдарыныңбасымдылығын анықтау; тәрбие жұмысында гендерлікжәнежас ерекшеліктерін есепке алу;
тұтастық принципі, оқу және оқудан тыс іс-әрекетті біріктіруді қамтамасыз етеді;
этностық принцип, ұлттық сананы қалыптастыру, ана тілінде қарым-қатынас үшін, өз халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерделеуге жағдай жасау, Павлодар облысының аумағында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне құрметпен қарауға бағдарланған.
Тұлғаның қалыптасу процесін анықтайтын, балалар мен жастардың тиімді дамуы және тәрбиесін ұйымдастыру үшін жағдай жасау қажет: табиғи нышанын дамыту, қолайлы әлеуметтік орта, білім беру жүйесінің барлық деңгейінің сабақтастығы.
Тәрбие жұмысының жүйесін құру оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруді талап етеді:
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері.
Тұлғаның даму ерекшеліктері: эмоционалдықжәнеадамгершілік мінез-құлықты дамыту, өздігінен реттеу; тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру; моральдық қасиеттер көрсету; Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылық білдіру және әлеуметтік уәж көрсету, өзін танытуға талпыну; тілді қарқынды дамыту.
Іс-әрекеттің басты түрлері : қарым-қатынас, пәндік және ойын.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері: негізгі іс-әрекет түрлерінің процесінде өздігінен сананы қалыптастыру; бақылау, еліктеу және қарым-қатынас процесінде үлкендердің адамгершілік тәжірибесін меңгеру; өзіне, қоршаған орта және өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста баға беру сезімін қалыптастыру; өзіне қызмет көрсетудің негізгі дағдыларын меңгеру; тіршілік қаракетінің қауіпсіздік мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру; үлкендердің еңбегі, мамандығы, адамдардың жеке қасиеттері туралы бастапқы түсінік алу; тәрбие жұмысында халық педагогикасы негізінде ұлттық және жалпы адами құндылықтарды үйлестіру, оларды зерделеу процесінде халықтық дәстүрлерге жақындату, ұлттық мерекелерге қатысу.
Жалпы орта білім берудің І сатысындағы оқушылар.
Тұлғаның даму ерекшеліктері: табысқа жетудің дәлелін бекіту; өз қабілеттерін жете түсіну; еңбекқорлықты қалыптастыру; білімін тереңдету және кеңейту, білік пен дағдыларды жетілдіру. Қазақстан халықтарының дәстүрлеріне қызығушылық және құрмет көрсету.
Іс-әрекеттің басты түрлері: оқу, ойын, еңбек, бос уақыт.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері: негізгі іс-әрекет процесінде жеке қасиеттерді қалыптастыру; тіршілік қаракетінің қауіпсіздік мәдениеті туралы кеңірек түсінік қалыптастыру, еңбек қызметі мен белгілі мамандықтарға қызығушылыққалыптастыру; еңбекке адал болу көзқарасын қалыптастыру, оның адам және қоғам өміріндегі рөлін түсіну; өзіне баға беруді қалыптастыру; әртүрлі жұмыста өзін-өзі белсендендіруге тырысу;құрдастарымен өзарақатынас әсерінің өсуі; Тәрбие жұмысында ұлттық дәстүр, фольклор, үздік ұлттық мәдениет үлгілерін зерделеу кезінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіру. Қызығушылығына қарай бірлестіктерге тарту.
Жалпы орта білім берудің ІІ сатысындағы оқушылар.
Тұлғаның даму ерекшеліктері: ішкі ұстанымның пайда болуы; тұлғаның ерікті қасиеттерінің қалыптасуы; іскерлік және ұйымдастырушылық қабілетті дамыту; танымдық және шығармашылық белсенділіктің артуы; оқуға себеп деңгейінің артуы; іс-әрекет пен қарым-қатынастың мазмұнын анықтайтын жеке құндылықтар жүйесін қалыптастыру; жеке тұлғалық қарым-қатынаста жіктелу және талғамдылық көрсету; адамгершілік және азаматтықмәдениет негіздерін, өзіне, адамдарға және қоғамға қатысты әлеуметтік көзқарас қалыптастыру; Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылық және құрмет көрсету; кәсіби бағдарлауды қалыптастыру. Тұлғалық өсудің басты себептері өзін-өзі тануы, өз пікірін білдіруі және өзін көрсетуі.
Іс-әрекеттің басты түрлері: оқу, еңбек, қоғамдық, бос уақыт.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері: оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына қатысуын құптау, тұлғаның ерікті және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы; мәселені өздігінен шешуге ұмтылуы, тіршілік қаракетінің қауіпсіздік мәдениеті туралы түсінігін дамыту. Мәдениет және адамгершілік негіздері оқу және оқудан тыс іс-әрекетте, оқушылар ұжымының өміріне қатысу үдірісінде қалыптасады.Кәсіби қызығушылықтың қалыптасуы және мамандық таңдауға дайындық. Тәрбие жұмысында ұлттық дәстүр, фольклор, үздік ұлттық мәдениет үлгілерін зерделеу кезінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіру. Үлкендер және құрдастарымен қарым-қатынас жасау арқылы өмірлік мақсат пен құндылықтардың қалыптасуына әрекет жасау Қызығушылығына қарай бірлестіктерде жұмыс істеуге ынталандыру.БАҚ, интернет, жастардыңсубмәдениет әсерін есепке алу.
Жалпы орта білім берудің ІІІ сатысындағы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі оқушылар.
Тұлғаның даму ерекшеліктері: көзқарас, адамгершілік сана-сезім, моральдық-адамгершілік принциптер, әлеуметтік, саяси, діни, мәдени және басқа сенімдердің қалыптасуы; өмірлік жоспардың тәжірибелік іске асуының басы; өзінің жеке мен кәсіби жолын анықтауы; адамның ішкі дүниесіне деген зейіннің артуы; қыздар мен бозбала арасындағы талғамдылық эмоционалдық қарым-қатынастың пайда болуы; Қазақстан халықтарының және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсету.
Іс-әрекеттің басты түрлері: оқу, еңбек, кәсіби, қоғамдық, бос уақыт.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері: тұлғаның өздігінен жетілуі үшін педагогикалық жағдай жасау, дүниетанымлық көзқарасын қалыптастыру, алғашқы кәсіби дағдының қалыптасуы; тіршілік қаракетінің қауіпсіздік мәдениет деңгейін арттыру; оқушылардың өзін-өзі басқаруын, қоғамдық белсенділігін және тәртібі мен оқу әрекеті үшін жауапкершілігін дамыту. Тәрбие жұмысында ұлттық дәстүр, фольклор, үздік ұлттық мәдениет үлгілерін зерделеу барысында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіру; Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеуге баулу; ұлттық мәдениетті ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға белсендірек тарту. Қызығушылығы бойынша бірлестіктерде шығармашылық және кәсіби өзін өзі көрсетуге мүмкіндіктер беру. БАҚ, интернет, жастардың субмәдениетінің әсерін есепке алу.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Біртұтас педагогикалық процестің өзегі болып табылатын жалпы адами және ұлттық құндылықтартәрбие жұмысының барлық бағыттарын қамтиды:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; ұлттық, отбасылық тәрбие
2) рухани-адамгершілік тәрбие;
3) еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
4) көркем-эстетикалық тәрбие ;
5) интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
6) дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі.
Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері білім беру процесінде, сонымен қоса оқудан тыс және бос уақытта іске асырылады.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; ұлттық, отбасылық тәрбие.
Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті патриотжәнеазаматты қалыптастыру; саяси, құқықтық және жемқорлыққа қарсы тұлға мәдениетін қалыптастыру; балалар мен жастардың құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зұлымдыққа қарсы тұруға дайындығын тәрбиелеу.
Отан, мемлекеттік құрылым, мемлекеттік саясат, мемлекеттік идеология; Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы, мемлекеттік рәміздер, құқықтық тәртіп; елімізде ұлтаралық конфессионаларалық келісім, халықтар достығы; экономикалық және әлеуметтік мәдени даму саласындағы өз елінің жетістіктері; басқа адамның құқығы, еркіндігі мен құндылықтары; өз өлкесінің мәдени тарихи өмірі, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мінез құлық; заң, құқық және міндет талаптары; әлеуметтік құндылықтар; тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау, ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік тіліне, қазақ халқы және этникалық топтардың мәдениетіне құрмет, адамгершілік әдеттерін қолдау арқылы отбасы құндылықтары мен неке құндылықтарына құрмет, мақтаныш және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
2.Рухани – адамгершілік тәрбие.
Мақсаты: тұлғаның рухани адамгершілік және әдеп принциптері, олардың жалпы адами құндылықтар, нормалар және қазақстандық қоғамның өмір дәстүріне сәйкес келетін моралдық қасиеттерін қалыптастыру.
3.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: кәсібін анықтауға саналы сезімін қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау қабілетін және экологиялық мәдениетін дамыту, үздіксіз білім алу негізінде кәсіби жылдамдыққа саналы түрде қарау.
4. Интеллектуалдық тәрбие, ақпаратттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: әр тұлғаның дарындылығы, интеллектуалдық мүмкіндігінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістік, сонымен бірге ақпараттық мәдениет қалыптастыру, өмір бойы білім алуға қызығушылық, тілек және ұмтылыс білдіру; өздігінен білім алу және ақпаратты пайдалану біліктілігіне ұмтылу; зерттеу және жоба жұмысының дағдыларын меңгеру, инновацияларға қабілеттілікке баулу; пікірталас жүргізу дағдысын дамыту; командада жұмыс істеу қабілетін, корпоративтікрухын нығайту; ақпараттық дереккөздерді, ақпараттық жұмыстаэтикалық нормаларды сын көзбен іріктеуді; жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
5.Көркемдік –эстетикалық тәрбие
Мақсаты: жалпы мәдениеттілік мінез құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өмір және өнерде эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру, бағалауға дайындығын дамыту;
толеранттылық, ұлтаралық өзараәрекеттестік, мәдени қоғамдастықта қабылданған тәртіп нормалары, тіл және мәдени сөйлеу нормалары, эстетикалық идеал, көркемдік құндылықтар;
шығармашылық ойлау, көркем-эстетикалық жұмысқа құрметпен қарау;
6. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі.
Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру үшін кеңістік құру, дене және психологиялық саулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу, әлеуметтік ұстаныммен рухани қажеттіліктерге дайындығын мен тілегін қалыптастыру; жағымсыз әсерлерге тиімді қарсы тұру тәсілдерін игеру; табиғи дарынды дұрыс пайдалану; денсаулықты нығайту және сақтау, қауіпсіз және жауапты тәртіпке; өмірлік жағдайларға қарсы тұра білуге тәрбиелеу.
Осы Тұжырымдамадағы мақсат пен міндеттерді іске асырудың механизмдері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрылған («Зерек», «Өрен», «Азамат») тәрбиелік бағдарламаларын бірізділікпен орындалуын ұсынады:
Бастапқы буын – «Зерек» бағдарламасы;
Орта буын – «Өрен» бағдарламасы;
Жоғары буын – «Азамат» бағдарламасы.

«ЗЕРЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ алдына келесідей міндеттер қояды:
- Мемлекет, Кіші Отан, мектеп, сынып, өз отбасына деген патриоттық қарым қатынас қалыптастыру;
- қоршаған ортаға ұқыпты және қамқорлыкпен қарау;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- дұрыс қарым қатынас жасауға үйрету, төзімділік көзқарасты қалыптастыру;
- балаларды қоршаған ортаға мейірімді қамқорлыққа тәрбиелеу.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық, ұлттық, отбасылық тәрбие
Мемлекет, Кіші Отан, мектеп, өз отбасына деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағдарланған «Туған өлкем» арнайы жобасы арқылы іске асырылады
Рухани-адамгершілік тәрбие
дұрыс қарым қатынас жасауға үйрету, оқушылардың төзімділік, ерікті жұмысқа оң көзқарасын қалыптастыруғабағытталған «Аялы алақан» арнайы жобасы арқылы іске асырылады.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты -
салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Жігер» арнайы жобасы арқылы іске асырылады.
Экологиялық, экономикалық, еңбек бағыты–
Табиғатқа және өзіне деген сүйіспеншілік және ұқыптылық сезіміне баулу, еңбекқорлықты дамытуға арналған «Жасыл экономика» арнайы жобасы арқылы іске асырылады.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу -
Зерттеу және жобалық қызмет дағдыларын меңгеруге бағытталған «Тіл -қазына» арнайы жобасы арқылы іске асырылады, «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы ақпаратттық мәдениетті қалыптастырады.
Көркем-эстетикалық тәрбие – жалпы мәдени тәртіп дағдыларын, тіл және сөйлеу мәдениетінің нормалары; эстетикалық идеалдар, көркем құндылықтарды қабылдау; шығармашылық ой қиял және ойлауды дамыту, көркемдік-эстетикалық іс әрекетті қалыптастыруға бағытталған «ЖұлдызFM» арнайы жобасы арқылы іске асырылады.

«ӨРЕН»БАҒДАРЛАМАСЫ келесідей міндеттерді іске асырады:
- оқушыларды заманауи ақпараттық кеңістіктегі өмірге даярлау;
- оқушылар мен олардың ата-аналарының жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру;
- мектеп оқушыларының құқықтық санасы мен мәдениетін, жасөспірімдердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
- оқушылардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;
- заманауи қоғамда табысты еңбек қызметіне қажетті қасиеттер мен тұлғааралық дағдыларды игеру.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық, ұлттық, отбасылық тәрбие
Мемлекет және Кіші Отан, мектеп, өз отбасына деген сүйіспеншілік және мақтанышсезімдерін қалыптастыру, құқықтық білім және жемқорлыққа қарсы жауапкершілікті айқындайтын «Мәдени мұра», «Адал азамат», «Туған өлкем» арнайы жобалары арқылы шешіледі.
Рухани-адамгершілік -
адамдарға риясыз қызмет ету, үлкендерге құрметпен қарау, құрдастарға жарқын мінез таныту, үлкендер мен жолдастарына адал болу, еріктілікті қалыптастыруға бағытталған «Заманауи көшбасшы», «Мейірімді жүрек», «Мұражай – тарих айнасы» арнайы жобалары арқылы іске асырылады.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты -
Салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, жағымсыз ықпалдарға тиімді қарсылық білдіру тәсілдерін меңгеруге бағытталған «Қайсар», «Денсаулық - fest» арнайы жобалары арқылы іске асырылады.
Экологиялық, экономикалық, еңбек бағыты - табиғатқа және өзіне деген сүйіспеншілік және ұқыптылық сезімін дамыту, тұлғаның экономикалық ойлау қабілеті мен экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған «Табиғатты қорғайық» және «Жасыл экономика» арнайы жобалары арқылы іске асырылады.
Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу -
өздігінен білім алу және ақпаратты пайдалану, командада жұмыс істеудіүйрететін; ақпараттық мәдениетті қалыптастыратын «Медиа- тұлға», «Жас зерттеуші», «Читающая нация» арнайы жобалары арқылы іске асырылады.
Көркемдік –эстетикалық тәрбие -
мәдениетаралық өзара әрекеттестік дағдыларын дамыту, эстетикалық идеалдар, көркем құндылықтарға ұмтылу, шығармашылық ой қиялдың дамыту, көркем-эстетикалық іс-әрекетке бағытталған «Шабыт», «Бір шаңырақ астында» арнайы жобалары арқылы шешіледі.

«АЗАМАТ»БАҒДАРЛАМАСЫ алдына келесідей міндеттер қояды:
Робототехника және заманауи ақпараттық технологияның маңызды тарауларын зерделеу;
Бизнес-зерттеу іс-әрекетті дамыту;
- Оқушылардың бірнеше тілде еркін қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру;
- Отанға, мемлекеттік саясатқа деген құрмет және жауапкершілікті көрсету.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасылық тәрбие
Қазақстан Республикасы Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Ту, Әнұран), өз елінің экономика және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы, өз өлкесінің (ауыл, қала) мәдени- тарихи өмірінің жетістіктерін құрметтеуді тәрбиелеуге ықпал ететін «Cаналы азамат» арнайы жоба арқылы.

Рухани- адамгершілік тәрбие
қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыруына бағытталған «Рухани Арна» арнайы жоба арқылы.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
қаржы сауаттылықты дамытуға, бизнес-жобаларды құруға, қазақ, ағылшын тілдерін үйренуге бағытталған, ақпараттық мәдениетті қалыптастыратын «Зияткер.KZ», «Читающая нация» арнайы жобалары арқылы
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
денсаулықты сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапкершілік тәртіпке ынтасын және дайындығын; табиғи қабілеттерін дұрыс пайдалануды, жаңа өмірлік жағдайларға күйзеліске қарсы тұруды қалыптастыратын «Алау» арнайы жобасы
Экологиялық, экономикалық, еңбек тәрбиесі
өз тағдырын өзі кәсіби шешуге саналы қарым-қатынас, тұлғаның экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамытуын, үздіксіз білім беру негізінде кәсіби оңтайлыққа саналы көзқарасты танытуын қалыптастыруына бағытталған «Жасыл экономика» арнайы жобасы.
Көркем-эстетикалық тәрбие
мәдениаралық өзара әрекет дағдыларын дамытуына; эстетикалық идеалдарға,көркем құндылықтарға жетуге пейілдену; шығармашылық ойлау және қиялды, көркем-эстетикалық қызметті дамытуға бағытталған «Өнер.fm», «Beauty-ару», «Жігіт сұлтаны», «Алтын қазына» арнайы жобалар.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

Бірінші бағыт - қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасылық тәрбие
Бағалау өлшемдері:
Отанға, мемлекеттік қалыптасу, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен еріктілігіне;
өз өлкенің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс- тұрысына;
заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Этникалық сана сезімге,этникалық ұқсастыққа;
Ана тілін және мемлекеттік тілді меңгеруіне;
Өз халқының мәдени мұрасына;
Қазақ және өз халқының салт-дәстурлеріне;
Қазақстанның этномәдениетіне;
Қазақстан этностарының басқа мәдениетіне;
Этника аралық бейбітшілік пен келісімге;
Адамгершілік қағидаларды қолдай отырып отбасы және неке құндылықтарына - құрметпен, мақтанышпен және жауапкершілікпен қарау.
Іске асыру механизмдері:
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру.
«Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Этнопедагогика кабинетінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасының аясында акциялар өткізу, Қазақстан Республикасы рәміздерін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, тарихын білуге фестивальдер және конкурстар.
Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата- аналардың мектеп өміріне қатысу; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқу; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие.
Бағалау өлшемдері:
мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
өз қасиетіне, арына және парызына;
ішкі еркінділікке және адамгершілікпен шешім қабылдауына;
өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;
діни құндылықтарға;
ой, сөз және іс бірлігіне;
өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;
ар-ожданыңмен расталған қылықтарға;
түрлі мәдениет пен наным-сенім бірлігіне;
адамдарға риясыз қызмет етуіне;
өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік тұрғыда қарау.
Іске асыру механизмдері:
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды әзірлеу және орындау, еріктілікті дамыту педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, мектептерде рухани-адамгершілік тәрбие сапасының мониторингісін өткізу,рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші бағыт - Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Бағалау өлшемдері:
экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіңе;
«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;
мамандық таңдауына;
үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа қамқорлық таныту және позитивті қарау.
Іске асыру механизмдері:
Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлік қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу. Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер. Сенбілік, кәсіпорындарға, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуалды білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.

Төртінші бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
Бағалау өлшемдері:
өмір бойы білім алуға;
өздігімен білім алу және алған ақпаратты пайдалану дағдысы;
сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;
зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;
пікірталас жүргізу дағдыларына;
жасампаз қызметке;
топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;
ақпараттың түрлі дереккөздеріне;
қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына;
өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;
Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;
ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;
Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;
ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;
жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Іске асыру механизмдері:
Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кірігуі, элективті курстар: «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және 17 студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Бесінші бағыт – Көркемдік-эстетикалық тәрбие.

Бағалау өлшемдері:
толеранттылық және ғаламдық ой-өріс;
көпмәдениеттілік және көптілділікті;
мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;
мәдениетаралық әрекет;
қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын;
тіл және сөйлеу тілі мәдениетінің нормалары;
эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;
шығармашылық ой мен қиялға, көркемдік-эстетикалық қызметке құрмет көрсету.
Іске асыру механизмдері:
Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда әралуан мәдениеттер мен халықтардың бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.

Алтыншы бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Бағалау өлшемдері:
денсаулық жағдайының скринингіне;
-әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;
қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.

Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін нәтижелер

– білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейі;
– жалпы адами және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрмет;
– рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
– балалар тәрбиесіне ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзырлығы мен жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты отбасын құруға дайындау;
– білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту;
– тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға саналы қарым-қатынасын қалыптастыру; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейі;
– табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жетиілдіру, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысу.

Осылайша, Тәрбие тұжырымдамасы білім беру процесінің тәрбие әлеуетін, отбасы тәрбиесінің құндылықтарын арттыруға, жалпы адами және ұлттық құндылықтардың орнығу, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуы, патриотизм, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеу, адамның құқығы мен еркіндігіне құрмет көрсетуге бағытталған.

Глоссарий

Тәрбие -тұлғаның рухани, интеллектуалды және дене бітімінің дамуына жүйелі және мақсатқа бағытталған әсері. Берілген жағдайға бағыттайтын, белгілі бір дағдылар, мінез ерекшеліктері, нақты білік пен қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі қызмет жүйесі.
Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу- бұл тек мемлекеттің ғана емес отбасының, еңбек ұжымының, жалпы қоғамның ең басты міндеті.
Еңбек тәрбиесі - бұл оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастыру және ынталандыру, олардың еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, өз жұмысына адал болуға тәрбиелеу, шығармашылық бастамаларды және одан да биік нәтижелерге жетуге құлшынысты ынталандыру.
Дене тәрбиесі - адам ағзасының қызметін жетілдіруге, дене қасиеттерін, қабілеттерін дамытуға, қозғалыс дағды мен икемділікті дене мәдениеті және спорт саласында әлеуметтік білімдерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процес.
Көркемдік эстетикалық тәрбие - сұлулық сезімін тәрбиелеу өнерде де өмірде де тек әдемілікті сіңіру, оны көре білу қабілетін қалыптастыру, оны бағалау процесі.
Рухани адамгершілік тәрбие - бұл жоғары құндылықтарды: адам, тұлға, махаббат, отбасы, Отан, оның ішкі толғаныстары сенің өз толғаныстарың сияқты қабылдауға бағытталған тұлғаны қалыптастыру және дамыту процесі.
Еріктілік - жергілікті ұлттық немесе халықаралық деңгейде әлеуметтік маңызды риясыз қызмет көрсетуге бағытталған, еркін қалауымен іске асырылатын, тұлғалық өсуіне және осы қызметті «өз еркімен орындаушылардың» дамуына ықпал ететін әлеуметтік қызмет көрсету түрі.
Азаматтық сауаттылық - бұл тұлғаның заңды, әлеуметтік, адамгершілік және саяси әрекет, азамат міндетін орындауға дайындығы, патриоттық, ұлттық және интернационалды сезімді үйлесімді байланысы.
Объект және субъект - философиялық категориялар. Субъектдегеніміз - белсенді іс әрекеттенуші және танытушы, сана-сезім мен күш-жігерді иеленген жеке тұлға немесе әлеуметтік топ.
Жеке тұлғалық - адам немесе топтың қайталанбас ерекшелігі, оларды басқа тұлғалардан ерекшелендіретін жеке, қайталанбас және жалпыға бірдей қасиеттердің келісті үйлесімі.
Бәсекеге қабілеттілік - бұл белгілі бір объектінің немесе субъектінің бәсекелестерді белігілі бір жағдайда озып шығу қабілеттілігі.
Құзіреттілік - бұл тиімді іс әрекеттенуге және қажетті нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттіліктер мен икемділіктер.
Тұжырымдама - қандай да бір түсінік, негізгі көзқарасты түсіну және түсіндіріп беру, олардың жарыққа шығуына негіз болатын идея; жетекші ойлар, қызметтің түрлі құрылымдық қағидалары.
Бәсекеге қабілеттілік - субъектінің құралы ретінде анықталады өзі сияқтылармен бәсеке қабілетін көрсететін бәсекелестік іс-әрекет жасайтын қабілет.
Креативтілік - бұл тұлғаның қалыптан тыс ойлау қабілеті. Шешім қабылдау жаңа бір нәрсе ойлап табу және көптеген идеяларды тоғыстыру.
Жемқорлыққа қарсы мәдениет - жемқорлыққа қарсылықты көрсететін, қоғамда құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзіреттілік шеңберінде жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттенуші субъектілерін жүзеге асыратын қызмет. Білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар жиынтығы арқылы жүзеге асырылады.
Көшбасшылық қасиеттер - алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізе алады, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білу, т.б. қасиеттер жиынтығы.
Тұлға - индивидтің ерекшеліктерінің тұрақты үйлесуі мен адамның әлеуметтік маңызын сипаттайтын жүйелі қасиет.
Қызығушылық - жаңа білім игеруге құштарлық. Өмірлік тәжірибесін байытуға, жаңа әсер қалдыратын барлық заттарға деген толассыз қызығушылық.
Бастамашылық - өздігінен қоғамдық бастамаға белсенділік танытатын тұлға қабілеті.
Ұлттық тәрбие - ғасырлар бойы халықтың өзі жасаған сана сезімді және жастардың құндылық бағыттарын қалыптастыруға, оған әлеуметтік тәжірибені, алдынғы ұрпақтың жетістіктерін табыс етуге көзқарас, идеялар, дәстүрлер, салттар жүйесі. Ғылыми дәлелденген, дұрыс ұйымдастырылған ұлттық тәрбие халықтың тарихи жолын, оның даму болашағын көрсетеді.
Дағды - қайталау арқылы қалыптастырыған және автомотизмге дейін жеткен жүйе
Зияткерлік дағды - автоматтандырылған тәсілдер, алдында кездескен ақыл-ой тапсырмаларының шешімі.
Әлеуметтік дағды - қоғамда адамдармен дұрыс тиімді өзара байланыс жасай білу икемдігі. Бұл қабілеті өзара байланыс жасау және әлеуметтік бейімделу үшін аса қажет.
Эмоциалды дағды - адамның эмоцияны айыра білу қабілеті, олардың шығуын және атқаратын рөлін анықтау, эмоциалды және зияткерлік дамуы үшін оларды басқару.
АКТ-сауаттылық - дербес компьютер, бағдарламалық өнім, олардың қызметтері мен мүмкіндіктері, компьютерлік желілер (соның ішінде Ғаламтор) туралы не екенін білу.
IT-құзіреттілік - әртүрлі ақпараттық құралдарды (ИКТ сауаттылық) пайдаланып қана қоймай, оларды қызметте тиімді қолдану.
Жаңғырту - бұл объектіні жаңарту, оны жаңа талаптар мен нормаларға, техникалық жағдайларға, сапа көрсеткіштеріне сәйкес келтіру.
Патриотизм - өз Отанына, өз халқына деген адалдық пен сүйіспеншілік және Отанымыздың мүддесі үшін кез келген құрбандар мен ерліктерге дайын болу.
Діни экстремизм - қоғамға дәстүрлі діни құндылықтар мен догмалық қағидалар жүйесін жоққа шығару және оларға қарсы шығатын «идеяны» агрессивті насихаттау. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінін басты санау және басқа діни конфессияларды өз діни сенім жүйесіне бағындыра отырып жою.
Отбасылық тәрбие - бұл нақты бір отбасы жағдайында ата- аналардың және туған туысқандардың күшімен құрылған тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасылық құндылықтар (сондай-ақ бірге дәстүрлі отбасылық құндылықтар) - отбасылық мақсаттарды таңдауға өзара әрекет жасауын ұйымдастыруға әсер ететін қоғамда қабылданған отбасы туралы жиынтық.
Әлеуметтік «жетімдік» - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оларды ата-аналық құқықтан айырған, жұмысқа жарамсыз болғанын қабылдаған, із-түзсіз жоғалған жағдайда, қоғамда балалардың болуы тұтас әлеуметтік ұғымды анықтайды. Ата-аналар белгілі бір себептермен өзімен тұратын баласының тәрбиесімен айналыспаған жағдайда. Бұл жағдайда балаларға қамқорлықты өзіне қоғам мен мемлекет алады.
Әлеуметтік бейімделу - индивидтің әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделу процесі.
Әлеуметтендіру - бұл қоғамда толыққанды өмір сүру үшін адам индивидінің қажетті дағдыларды меңгеру процесі. Міңез-құлқы биологиялық тұрғыдан басқа жандылардан айырмашылығы, адам биоәлеуметтік жан болғандықтан әлеуметтендіру процесіне мұқтаж.
Субъект - индивид немесе топ, саналы және шығармашылық белсенділік пен еркіндікпен өзін-өзі және қоршаған ортаны тануға және түрлендіруге икемденген.
Суицид - әдетте, өздігінен және өз еркімен, қасақана өзін өмірден айыру.
Шығармашылық ойлау – балама және кезектен тыс шешім табу үшін белгіленген шекараларды бұзу қабілеттерін қамтитын ойлаудың инновациялық тәсілі және түпнұсқалық қабілеті.
Толеранттылық - басқа көзқарасқа, өмір дағдысына, және салттарға шыдамдылықпен қарайтын социологиялық термин. Толеранттық немқұрайлықтан өзге ұғым. Ол басқаның көзқарасын немесе өмір сүру дағдысын қабылдау емес, басқаларға өзінің әлемдік көзқарасына сәйкес құқығын беру.
Құндылық ұстаным - олардың нұсқаларын тандау мүмкіндігімен байланысқан адамдардың қызмет пен араласудың ерекше алдын алу бағдарламасы. Адамды детерминистикалық бейімділік белгілі бір объектіге, адамға, оқиғаға және т.б.алдын ала белгіленген көзқарас болып танылады.
Жалпы адами құндылықтар - мейірімділік пен даналықты, шындық пен сұлулықты, бейбітшілік пен адамды сүю, еңбек сүйгіштік, адамгершілік және құқық нормаларына сүйенген, барлық адамзаттың тарихи, рухани тәжірибесін көрсететін және жалпы адами қызығушылықтарын іске асыруына әрбір жеке тұлғаның толыққанды өмір сүруіне және дамуына жағдай жасайтын құндылықтар.