«Адал friends» жобасының ережелері

1. Жалпы ережелері

1.Жалпы ережелері

«Адал friends» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық жобасының ережелері ұйымдастыру және жүзеге асу тәртібін бекітеді.
Жобаның мақсатты: жүйелі түрде көмек қолын созу, үйінде білім алатын балаларға жұртшылықтың назарын аударып оларға деген ілтипат ұялату, БАҚ құралдарымен әлеуметтік желілерді қалыптастыру және фото мен бейне есептерді жариялап отыруды қалыптастыру

1.1 Бұл жоба үйінде білім алатын балаға рухани қолдауға және қоғамға икемденуге жол ашады.
«Адал friends» жобасы облыстық білім беру ұйымдарында білім алушылардың бойында жанашырлық, құрмет және мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктерін түсінуге жол ашады.

1.2. Жоба міндеттері:
1. Білім алушылардың бойында сыныптастарына деген қарым-қатынасты өзгеру;
2. Көмек қолына мұқтаж жандарға жәрдемдесуге дайын болуды үйрену;
3.Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасаған істері үшін жауапкершілікті тәрбиелейді.

1.3.Жоба қатысушылары: 1-11 сынып оқушылары және ата-аналары, колледж оқушылары.

1.4. «Адал friends» жобасының өзектілігі
Дерлік, облысымыздың әр бір жалпы білім беру ұйымдарында денсаулығына байланысты үйінде білім алатын балалар бар. Оған негіз емдеу-профилактикалық мекемесі комиссиясының аз және ұзақ мерзімді сауықтыру бойынша шешімі. Мұндай шаралар балалардың емін-еркін қозғала алмайтын болғандығы үшін қабылданады. Астма және эпилепция ауруларымен ауратын балалардың ұстамасы кез келген уақытта ұстап қалуы мүмкін, оған жәрдем қолы үлгермей қалатындығы бар. Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты білім алушылардың интелектуалды дамуына жол ашатын жоба ойластырылды.
Барлық балалардың білім алуға және өз құрдастарымен сыр бөлісуге құқығы бар. Мұның шешімі қандай болмақ? Біздің ойымызша күрделі сұрақтың шешімі көз алдымызда тұр, ол білім алушылар ішінде мектеп ішілік біріңғай еріктілер тобын құрастыру, олар өз еріктерімен үйде білім алатын сыныптастары немесе құрдастарының үйіне барып бос уақытын пайдалы жұмсауға арналады. Мысалы: бірге сабақ қарап, командалық ойындар ойнап деген сыңды. Тағы да еріктілер тобы үйінде білім алатын балаға көмек ретінде қайырымдылық науқандары мен концерттер ұйымдастырады. Әр мектепте бір немесе бірнеше педагогтар мен психологтар дайындаған мобильді еріктілер тобы болуы тиіс.

1.5.Жобаның құрылымы:

1) Белгілі бір көмек қолын созу мақсатында мектепте білім алатын балалардың ата-аналарының жиналысын өткізу және бөлек үйінде білім алатын балалардың ата-аналарының жиналысын өткізу.
2) Үйінде білім алатын балалармен кездесуге ата-аналарының рұқсатын алып, олардың тізімін жасау.
3) Мектеп оқушыларынан мобильді еріктілер тобын құрастыру.
4) Жобаның мақсатымен таныстыру.
5) Психологтардың көмегімен еріктілер тобын сыныптастарымен кездесуге дайындау.
6) Үйінде білім алатын балалардың ата-аналарының рұқсатымен көрісу күндерінің тізімін жасау.
7) «Сыйла…» науқаны. Еріктілер тобы (2 адамнан 5 адамға дейін) жұмыс жосарын құрастырып, қайрымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырады және туылған күн мен мерекелік күндерге арналған сыйлықтары мен ашық хаттарын дайындайды.
8) Мектеп ішілік іс-шараларға (жаңа жылғы ертеңгілік және атаулы мерекелер) еріктілер тобы үйінде білім алатын достарын алып келуді ұйымдастырады.
9) Үйінде білім алатын баламен кездесу барысында демеушілік көмек керек қажетіліктер тізімі жасалынады.

Әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған күні мен іс-шаралар көрсетілген.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша фото және бейне есеп жасау ұсынылады. "Видео есепте көрсету қажет: үйде оқытылатын оқушының аты-жөні, туған күні, аудан, мектеп, сынып жетекшісі аты-жөні, өткізілген іс-шаралар тақырыбы және еріктілердің аты-жөндері.

2. Жоба мерзімі

2. Жоба мерзімі: қыркүйек – мамыр2. Жоба мерзімі: қыркүйек – мамыр

3. Жобаға қатысушылар

3. Жобаға қатысушылар:

3.1 Жобаға Павлодар облысының білім беру ұйымдарының еріктілер тобы, мектеп оқушылары, ата-аналары, ұстаздары, мүмкіндігі шектеулі балалар және үйінде білім алатын балалар қатыса алады.

4. Жобаның бағыты

4. Жобаның бағыты
«Сыйла…» сыйлық науқаны
Бір сағат ойын
Мектепішілік ертеңгілік, мерекелік концерттер, квест-ойындар, арт-терапия сыңды іс-шараларға шақыру

5. Күтілетін нәтиже

5. Күтілетін нәтиже:

жүйелі түрде көмек қолын созу, үйінде білім алатын балаларға жұртшылықтың назарын аударып оларға деген ілтипат ұялату, БАҚ құралдарымен әлеуметтік желілерді қалыптастыру және фото мен бейне есептерді жариялап отыру.

6. Жобаны қортындылау

6. Жобаны қортындылау

Атқарылған іс-шаралар мен акциялардың қортындысы фото мен бейне есептер арқылы adalfriends@mail.ru электронды поштаға жіберілуі тиіс.

Жүлделі орындар жоқ, жақсы іс шын көңілден жасалады.

«Адал friends» жобасының өзектілігі

Дерлік, облысымыздың әр бір жалпы білім беру ұйымдарында денсаулығына байланысты үйінде білім алатын балалар бар. Оған негіз емдеу-профилактикалық мекемесі комиссиясының аз және ұзақ мерзімді сауықтыру бойынша шешімі. Мұндай шаралар балалардың емін-еркін қозғала алмайтын болғандығы үшін қабылданады. Астма және эпилепция ауруларымен ауратын балалардың ұстамасы кез келген уақытта ұстап қалуы мүмкін, оған жәрдем қолы үлгермей қалатындығы бар. Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты білім алушылардың интелектуалды дамуына жол ашатын жоба ойластырылды.
Барлық балалардың білім алуға және өз құрдастарымен сыр бөлісуге құқығы бар. Мұның шешімі қандай болмақ? Біздің ойымызша күрделі сұрақтың шешімі көз алдымызда тұр, ол білім алушылар ішінде мектеп ішілік біріңғай еріктілер тобын құрастыру, олар өз еріктерімен үйде білім алатын сыныптастары немесе құрдастарының үйіне барып бос уақытын пайдалы жұмсауға арналады. Мысалы: бірге сабақ қарап, командалық ойындар ойнап деген сыңды. Тағы да еріктілер тобы үйінде білім алатын балаға көмек ретінде қайырымдылық науқандары мен концерттер ұйымдастырады. Әр мектепте бір немесе бірнеше педагогтар мен психологтар дайындаған мобильді еріктілер тобы болуы тиіс.

Жобаның құрылымы:

1) Белгілі бір көмек қолын созу мақсатында мектепте білім алатын балалардың ата-аналарының жиналысын өткізу және бөлек үйінде білім алатын балалардың ата-аналарының жиналысын өткізу.
2) Үйінде білім алатын балалармен кездесуге ата-аналарының рұқсатын алып, олардың тізімін жасау.
3) Мектеп оқушыларынан мобильді еріктілер тобын құрастыру.
4) Жобаның мақсатымен таныстыру.
5) Психологтардың көмегімен еріктілер тобын сыныптастарымен кездесуге дайындау.
6) Үйінде білім алатын балалардың ата-аналарының рұқсатымен көрісу күндерінің тізімін жасау.
7) «Сыйла…» науқаны. Еріктілер тобы (2 адамнан 5 адамға дейін) жұмыс жосарын құрастырып, қайрымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырады және туылған күн мен мерекелік күндерге арналған сыйлықтары мен ашық хаттарын дайындайды.
8) Мектеп ішілік іс-шараларға (жаңа жылғы ертеңгілік және атаулы мерекелер) еріктілер тобы үйінде білім алатын достарын алып келуді ұйымдастырады.
9) Үйінде білім алатын баламен кездесу барысында демеушілік көмек керек қажетіліктер тізімі жасалынады.

Жобаның өткізу тәртібін ұсынамыз: Еріктілер тобы қыркүйектен бастап мамыр айлары аралығында аптасына бір рет сабақтан соң мұғалімнің жетекшілігімен үйінде білім алатын баламен жүздесуге барады. Көрісу уақытты - 1,5 сағат.
Алғашқы жүздесу 5 қыркүйек күні, ол күні олар бір-бірлерімен танысып оқу жылының басталуымен құтықтайды.
Ұсынылатын мереке күндері:
-10 қазан – «Күз сыйы» күзгі табиғи өнімдерден қолданбалы нәтиже шығару,
- 15 қараша – кеңселік заттардың көмегімен жаңа жылдық ойыншықтар жасап үйінде білім алатын баланың бөлмесін безендіру,
- 10 желтоқсан – «Аяз ата шеберханасы» жаңа жылдық шыршаға безендірулер әзірлеу және жаңа жылдық киімнің бөлшектерін жасау,
- 10 қантар – «қысқы ойын» - үлкен кісінің көмегімен қысқы алаңда қыдыру және баланың мүмкіндігіне байланысты қысқы ойындарды ойнау,
- 11 ақпан – құсқа жем салатын астау жасау және оны жүйелі түрде толтырып отыру,
- 1 наурыз – үйінде білім алатын баланың анасына, әжесіне, әпкесі мен қарындасына қолдан сыйлық жасауға көмектесу,
- 11 сәуір – үлкен кісінің көмегімен көктемгі аулада қыдырып, баланын мүмкіндігіне байланысты ойындар ойнау,
- 5 мамыр – Ұлы жеңіс күнін тойлауға мектептегі мереге шақыру.
Үйінде білім алатын баланың бос уақыттын қамту бойынша жалпылама кеңес: танымдық ойындар. Сурет салу, пластилиннен бұйымдар мен түрлі қалыптағы заттар жасау, қағаздан бұйымдар жасау, пазл, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, асық ату, лего және басқа бұйымдарды қолдану. Айына бір рет үйінде білім алатын балаларды еріктілер тобы мектеп ішілік іс-шараға шақырады. Олар: концерттік бағдарлама, квест-ойындар, арт-терапия, шай ішуге және сол сыңды. Іс-шараның соңында сурет немесе бейнелік есеп құрастыру кеңес беріледі.

Жоба мерзімі: қыркүйек – мамыр

Жобаға қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары және ата-аналары, колледж оқушылары.
Жобаға Павлодар облысының білім беру ұйымдарының еріктілер тобы, мектеп оқушылары, ата-аналары, ұстаздары, мүмкіндігі шектеулі балалар және үйінде білім алатын балалар қатыса алады.

Жобаның бағыты
«Сыйла…» науқаны
Бір сағат ойын
Мектепішілік ертеңгілік, мерекелік концерттер, квест-ойындар, арт-терапия сыңды іс-шараларға шақыру

Әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған күні мен іс-шаралар көрсетілген.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша фото және бейне есеп жасау ұсынылады.
Видео есепте көрсету қажет: үйде оқытылатын оқушының аты-жөні, туған күні, аудан, мектеп, сынып жетекшісі аты-жөні, өткізілген іс-шаралар тақырыбы және еріктілердің аты-жөндері.

Жобаны қортындылау
Атқарылған іс-шаралар мен акциялардың қортындысы фото мен бейне есептер арқылы adalfriends@mail.ru электронды поштаға жіберілуі тиіс.

Күтілетін нәтиже: жүйелі түрде көмек қолын созу, үйінде білім алатын балаларға жұртшылықтың назарын аударып оларға деген ілтипат ұялату, БАҚ құралдарымен әлеуметтік желілерді қалыптастыру және фото мен бейне есептерді жариялап отыру.

Жүлделі орындар жоқ, жақсы іс шын көңілден жасалады.