«Family day» отбасылық шараның жобасы
1.Жобаның жалпы ережелері
1.Жобаның жалпы ережелері:
Отбасы мен мектептің міндеті серіктестік қатынастарды орнату, өзара түсіністік, қолдау және мүдделер қоғамдастығын құру болып табылады. Мектеп ұжымы ата-аналардың, балалар мен мұғалімдердің бірлескен қызметі ұйымдастырылған ғана жағдайда үлкен бірлескен отбасы ретінде ғана қызықты өмір сүре алады.
Отбасыда бірлесіп ата-аналар мен балалар бірігіп отбасылық мерекелерді өткізген жағдайда,отбасылық салт-дәстүр қалыптасады.
1.1. Аталмыш жоба М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайымен бірлесіп іске асырылады.
1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Отбасылық дәстүрді отбасындағы тәрбиемен әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптасытру арқылы жүзеге асады.
- Жалпы адамзаттық мүдделерді дамыту арқылы отбасылық бірлестікті қалыптасытру;
- Ұлттық салт-дәстүрді ұлттық тағадар арқылы баланың бойына сіңіру;
- Жеке шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау.
1.3.Жобаның ұйымдастырушылары:
М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы ҚМКМ
1.4.Жобаның қатысушылары:
мектеп, лицей, интернат-үйлері, ТЖМО және әр жас ерекшеліктеріне сай олардың ата-аналары: 1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар,9-11 сыныптар.
«Family day» жобасына мектепте сынып жетекші мен технология мұғалімдері жауапты.
2. Жобаның өткізу реті
2. Жобаның өткізу реті:
Жоба қызметінің бағыты: мәдени-сауықтық
Жобаның іске асыру мерзімі – қыркүйек, наурыз
2.1.«Family day» жобасы дегеніміз
3. Отбасылық тағам жасау мәзірі бойынша ата-аналар мен оқушылардың бірігіп бәліш пісіруі. (ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалған отбасылық ас мәзірі құпталады);
4. Өз жасаған тағамын таныстыру, бәліштің түрі бағаланып, тарихы баяндалуы тиіс.
5. Бұл жобадан соң танымал адамдарды шақырып аналар мектебі, дөңгелек үстелдер, отбасылық қонақжайлар өткізіп, ең үздік тағам рецептерін жинақтау.
2.2. Жобаның өткізілу күні:
Ұйымдастыру кезеңі: оқу мекемелерінің негізінде: - шараның жоспарын құру, ата-аналарға жарнамалау, іс-шара өткізілетін кабинетті рәсімдеу. - 03.09.18 ж.-12.09.2018 ж. бастап. (1-4 сыныптар), 18.02.2019-5.03.2019ж. бастап (5-8 сыныптар), және 11.03.2019-19.03.2019 ж. (9-11 сыныптар).
Іс-шараны өткізу:
1-4 сыныптар - 13 қыркүйек 2018 ж. – Қазақстан Республикасының Отбасы күні шеңберінде «Family day» мерекесін өткізу;
5-8 сыныптар - 6 наурыз 2019 ж.- 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Family day» мерекесін өткізу;
9-11 сыныптар - 20 наурыз 2019 ж. –Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі аясында «Family day» мерекесін өткізу;
Қортынды кезең: БАҚ – да мерекені жариялау. Өткізілген іс –шараларының фото және видео есептерін ұсынылған day-family@mail.ru электронды поштаға ережеге сай жіберіледі. Келесі кестеге сәйкес 14 қыркүйек (1-4 сыныптар),11 наурыз (5-8 сыныптар), 25 наурыз (9-11 классы).
3.Жобаға қойылатын талаптар
3.Жобаға қойылатын талаптар:
3.1. Жұмыстарды рәсімдеу: ірі мөлшердегі бәліштер, рецепттің өзіндік ерекшелігі, эстетикалық көрінісі.
3.2.Жұмыстың мазмұны: Отбасылық рецептерді пайдалану арқылы бәліштерді жасау.
3.3. «Ең үздік отбасы бәліші», «Мерекелік бәліш», «Әлем ұлттарының бәліші», «Ең ерекше бәліш», «Әкем көмек береді», «Жас ас әзірлеуші», «Ыстық бәліш» және т.б номинациялар бойынша ең дәмді бәліш жасаған жеңімпаздарды анықтау.
Жобаның барлық қатысушылары мадақтамалар мен марапатталады.
4. Жобаның күтілетін нәтижелері
4.Жобаның күтілетін нәтижелері:
- Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
- Қоғамдық қарым-қатынасты нығайту;
- Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді тәрбиелеуге мүмкіндік беретін білім беру мекемелердің негізінде ата-аналар мен балалардың, мүмкіндігінше уақытты бірге өткізу үшін отбачылық клубтарды,шеберханалар мен қонақжайларды ұйымдасытру. Байланыс телефоны: 32-85-07
Жобаның үйлестірушісі: Фирсова Татьяна Сергеевна day-family@mail.ru