Павлодар облысының жаңа мамандықтар атласы
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА
Павлодарда креативті индустрия форумы өтті
Павлодар өңірін еліміздің дарындылар мекені деп атауы тегін емес. Бұған Павлодарда креативті экономика бойынша өткен алғашқы форум дәлел.
Креативті экономиканы дамыту шеңберінде облыс әкімдігі мен BTS Education командасымен бірлесіп креативті индустрия Форумын ұйымдастырды. Шараның басты серіктестері - JumysBar жобасы, Salem Social Media компаниясы, NURIS, MOST бизнес инкубаторы, Transfornation лабораториясы.
Бұл бірегей форумға өңіріміздің дамуына өз үлесін қосқысы келетін кәсіпкерлер, фрилансерлер, қолөнершілер, шығармашылық жұмыспен айналысып жүрген жандар қатысты. Екі күн қатарынан олар өз саласына байланысты қажетті білім алды.
Бұдан бөлек аймағымыздағы жағдайды өзгертетін креативті бизнес идея авторларының 1 млн теңге көлемінде грант ұтып алатын мүмкіндігі бар. Келесі салалар бойынша кез келген азамат 24 желтоқсанға дейін өтінім бере алады:
- ұлттық қолөнер,
- бейнеиндустрия,
- музыка өнері,
- IT сала, креативті фриланс,
- ойын-сауық саласы,
- білім саласы.
Бизнес-қоғамдастықтың сарапшылар тобы қолда бар жобаларды дамыту және масштабтау бойынша құнды ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ жаңа жобалар құруды бағдарлауға және ынталандыруға көмектесті.
Негізгі тақырыптар: жылжыту, позициялау, маркетинг, сатуды ұлғайту, бизнес-модельдеу, өнімді басқару, қолайлы дағдыларды дамыту, бизнестегі нейропсихология, бизнеске арналған беттерді құру, инвестициялар және т. б.
Форумның бірінші күні әкімнің орынбасары Сәкен Шаяхметов Павлодар облысында креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы туралы айтып берді.
- Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, шығармашылық мүмкіндігіңіз болса және өзіңіз сүйіп айналысатын ісіңізбен балаларды жігерлендіріп, оларға көмектескіңіз келсе, онда мемлекеттің көмегімен осы міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Осыған қатысты қазіргі уақытта 7 бағыт бойынша істің бастапқы кезеңіне 1 млн.теңгеге дейін грант алу үшін өтінімдер қабылдануда.
BTS Education бас директоры Саясат Нұрбек кәсіпкерлерге қазіргі заманның өзекті месседждері туралы айтты:
- Қазір бейнелер мен виртуалды әлемдерді шектеусіз жасауға мүмкіндік бар. Тағы бір сандық ғалам өзінің валютасымен, көшелерімен, биткоиндерімен, виртуалды экономикасымен - жаңа типтегі экономикасымен пайда болады. Ұлт, этника бәрі жойыла бастайды, шекаралар жоғалады. Біздің миымыз өзгереді, адамдар ақпаратты басқаша қабылдай бастайды, эмоционалдылық пен қисынсыздық логикадан басым болады. Сондықтан жаңа сценарий шығармашылығына үлкен сұраныс бар. Қазір түпнұсқа идеялар аз, барлығы оны іздеу үстінде. Ережелерді өзіңіз жасайтын таңғажайып шындық, ол жерде көшбасшы да, дәстүр де, қалыптасқан ереже де жоқ. Шығармашылық үшін үлкен кеңістік пайда болды.
Негізгі спикерлер Aitu экожүйесінің өкілдері: Бауыржан Әбуов, Максим Сальников, Евгений Паламарчук, Дәурен Ахметов, Александр Ким, Айдар Жүсіпов, Алмас Төлеубаев және т. б.сөз сөйледі.
Форумның екінші күні шеберлік сыныптары, бірлескен шығармашылық форматында өтті, оған қатысушылар өз басымдықтарына сәйкес топтарға бөлінді. Шеберлік сағаттар бір жарым сағатқа созылды.
Қатысушылар маркетингті жақсарту, позициялау және кірісті арттыру үшін шығармашылық идеяларды іздестіруді, табуды үйренді. Бизнес арқылы ойындар, дизайн ойлау, өнімдер мен идеяларды сұранысқа сай тестілеу (CustDev), бизнес-процестерді модельдеу, клиенттің психотиптеріне негізделген тиімді маркетинг, маркетингтік талдау сияқты жаңалықтарды үйренді.
Қатысушылар үшін білім беру бағдарламаларын жобалау сессиялары мен шығармашылық фестивальдер өткізілді.
Идеялардың генерациясы, процеске толық ену, брейнсторм - осының бәрі қатысушыларды жігерлендіріп, форумның пайдалы практикалық бөлігіне ғана емес, сонымен қатар нетворкинг үшін тамаша алаңға айналды
BTS Education баспасөз қызметі






Павлодар облысының жаңа мамандықтар атласы
Павлодар облысы металлургия және өнеркәсіптің басқа да бағыттарының кәсіпорындары шоғырланған индустриялық аймақ. Сонымен бірге, мұнда, туризм, ауыл шаруашылығы және креативті индустрияларды дамыту әлеуеті жоғары. Сондықтан, облыс өңірлік жаңа мамандықтар атласы енгізілетін тұңғыш өңір.
Павлодар облысының жаңа мамандықтары мен құзыреттіліктерінің тұңғыш өңірлік атласы өңірлік экономика үшін аса қажетті кадрларды даярлау мәселелерін шешуі тиіс. Оны құрастыруғаа Павлодар облысының өндірістеріндегі 2 мыңға жуық технологиялық тізбелерді зерттеген 2 мыңнана астам түрлі мамандар қатысты. Құжатқа алдағы 5-10 жыл ішінде сұранысқа ие болатын 40-ан астам жаңа мамандық енгізілді. Олардың 14-і бойынша локалазациялау және іске қосу үдерісі басталды. BTS Education компаниясы ірі кәсіпорындардың дайындығын тексерріп, өңір деңгейінде осы мақсаттағы білім беру тапсырысын түзету бойынша ұсынымдар әзірленді. Жаңа мамандықтар атласы өңірлік экономиканың қажеттіліткерін сараптап, оларды болашақ 3-5 жылға болжамдауға және білім беру жүйесін кадрларды дярлаудың алдын алу моделіне қайта құруға мүмкіндік береді.
Атластың бас әзірлеушісі атап өткендей компания жобаны жүзеге асыруда облыс бойынша ғана емес, Қазақстан бойынша жүзеге асыру жоспарлары бар.
– BTS Education компаниясы бастауыш мектептен зейнеткерлік жасқа дейінгі кез келген павлодарлықтың өңір құрылымында не өзгеретінін, қандай жаңа мамандықтар сұранысқа ие болатынын нақты түсінуі үшін өңірде адами капиталды дамыту және өңірді озыңқы кадрлық қамтамасыз етудің экожүйесін құруды жоспарлап отыр. Бұл адамдардың өмір бойы аймақтың экономикасы мен инфрақұрылымы қандай мүмкіндіктер бере алатындығын түсінуі үшін жасалады.
Ал құзыретті органдарға біздің компанияның кәсіптік бағдар беру және диагностикалау бойынша іс-шаралары жоғары сынып оқушыларын не қызықтыратыны, олар туған өңірінде қала ма және жоғары білім ала ма деген мәселелер бойынша сараптама жүргізуге көмектеседі, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Өңірдің ТжКБ ұйымдарында білім беру бағдарламаларын жаңарту және түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен «BTS Education» ЖШС басшысы Саясат Нұрбек жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және түзетуге қатысатын колледждердің тізілімін бекітті. Жұмыс тобы құрылып, жобаны іске асыру үшін 2 пилоттық колледж анықталды.
Өңірлік атластың белсенді қатысушыларының бірі – Павлодар қаласының түсті металлургиясының жоғары колледжі. Оқу мекемесі білім беру бағдарламаларының өзектілігіне сараптама өткізіп, «Техник-механик» маманының орта буын біліктілігі үшін 4 курстың «Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу құралдары мен өнеркәсіпітегі автоматика» мамандығында «үдерістерді автомазатизациялау маманы» кәсіби құзыреттілігін беру бойынша сертификат алуға оқыту курстарын енгізді.
Жаңа мамандықтар атласының іс-шаралар шеңберінде колледждің үш инженерлік-педагогикалық мамандары «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ің базасында «Кәсіпорынның өндірістік үдерістерін автоматизациялау» тақырыбы бойынша 72-сағаттық өндірістік тағылымдамадан өтті. Тағылымдама – «ТМЖК» ШЖҚ-ғы КМК «Павлодар облысының жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атласы» жобасы шеңберінде енгізген жалпы курстың үш компонентінің бірі.
В Едином учебном центре ERG бірыңғай оқу орталығында орталық жетекшісі Р. Исмухамбетов колледж педагогтары: арнайы пәндер оқытушысы С.Г. Сороко, өндірістік оқыту шебері Р.Б. Алшынбаев және ақпараттық технологиялар бойынша басшысының орынбасары А.Ж. Кәрібаеваға тағылымдама сертификаттарын тапсырды.
Жоғарыда көрсетілген мамандандыру бойынша «TALAP» КеАҚ оқу жұмыс бағдарламасына енгізу туралы оң қорытынды берді. Бұл жақын арада кәсіпорын қызметкерлері немесе олардың туыстары оқып, жаңа біліктілік ала алады дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, Ақсу қаласының Ж. Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжі де жаңа кәсіптер атласына қосылды. Колледждің алты педагогы 2 апта ішінде «ЕЭК» АҚ базасында «Сенімділік жөніндегі менеджер» жаңа мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті және оларға салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді. Тағылымдама барысында колледж педагогтері сенімділік критерийлері бойынша күрделі жүйелерді талдау әдістерін, жабдықтың сенімділігін арттыру және сенімділігін сынау тәсілдерін, технологиялық карталарды жасауды, жабдықтың сенімділігі процесін қадағалау әдістерін және т. б. зерттеді. Маңызды іс-шаралардың бірі «Кәсіптік бағдар: жаңа формат» жобасы аясында «ERG service» ЖШС және «BTS Education» компанияларының өкілдерімен клубтық кездесу өткізу болды. Кездесу ашық қарым-қатынасқа, ақпарат пен тәжірибе алмасуға бағытталған Networking форматында өтті.
Бұдан басқа, атласты енгізудің ұқсас траекториясы бойынша жұмыс ERG тобының кәсіпорындары әлеуметтік әріптестер болып табылатын басқа колледждерде жүргізілуде. Олардың қатарында Павлодар жоғары политехникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі бар.
Екібастұз политехникалық колледжі жыл сайын өңір индустриясы үшін көптеген кадрлар даярлайды. Сондықтан оқу орны жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласына белсенді араласып, «Коррозияға қарсы материалдар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі маман» жаңа мамандығын ашу туралы шешім қабылдады.Осыған орай «Әлеуметтік серіктестік – мамандарды кәсіби даярлау сапасына қол жеткізудің бір жолы» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оған колледж, BTS Education және «Котлосервис ЭК» ЖШС өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша факультативтік сабақтар есебінен «Коррозияға қарсы материалдар және жабдықтарды қорғау жөніндегі маман» жаңа мамандығын ашу туралы шешім қабылданды. Осы мамандық бойынша білім беру бағдарламасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал «Котлосервис ЭК» кәсіпорнының базасында экскурсиялар, өндірісте сабақтар ұйымдастырылады және мамандық бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Осы кәсіпорында кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында арнайы пәндер оқытушылары т. Сүлейменова, Н. Әлімханова тағылымдамадан өтіп, негізгі жұмыс әдістерімен және жабдықты оррозиядан қорғау жөніндегі материалдармен танысады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа кәсіптердің өзектілігі мен болжамы бойынша алғашқы зерттеулер 2019 жылы ERG (Еуразиялық Топ) кәсіпорындарында басталған болатын. Дон тау-кен байыту комбинатында пилоттық форсайт-сессиялар өтті.
Жоба саланың даму трендтері мен үрдістерін зерделей отырып, алдағы 5-10-15 жылға арналған перспективалық кәсіптердің (оның ішінде ескірген кәсіптердің) болжамды картасы болып табылады. Ол жақын болашақта өзекті Кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарды анықтайды. Атлас бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларына модульдік түрде «тігілетін» өзгеретін мамандықтар мен біліктіліктерді, сондай-ақ мүлдем жаңа кәсіптер мен біліктіліктерді сипаттайды.
Жаңа кәсіптер атласын іске асыру шеңберінде "Қазақстан алюминийі" АҚ базасындағы тағылымдама.
Павлодар машина жасау колледжі «Павлодар облысының үздіксіз білім беру және мансаптық даму экожүйесін құру жөніндегі Жол картасына» сәйкес жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласын іске асыру шеңберінде 07151100 «машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (салалар бойынша)» мамандығының оқу жұмыс жоспарына «сенімділік менеджері» мамандығы бойынша қосымша модуль енгізді. Осы жобаны іске асыру мақсатында арнайы пәндер оқытушысы Р.В. Сапинов «Қазақстан алюминийі» АҚ базасында тағылымдамадан өтті.
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында «Қазақстан алюминийі» АҚ Оқу орталығында оқытушыға тағылымдамадан өткені туралы сертификат табысталды.
Стажировка на базе АО «Алюминий Казахстана» в рамках реализации Атласа новых профессий.
В рамках реализации Атласа новых профессий и компетенций согласно «Дорожной карты по созданию Экосистемы непрерывного образования и карьерного развития Павлодарской области» Павлодарский машиностроительный колледж в рабочий учебный план специальности 07151100 «Эксплуатация и техническое обслуживание машин и оборудования (по отраслям)» внедрил дополнительный модуль по профессии «Менеджер по надежности». С целью реализации данного проекта преподаватель специальных дисциплин Сапинов Р.В. прошел стажировку на базе АО «Алюминий Казахстана».
3 декабря текущего года в учебном центре АО «Алюминий Казахстана» был вручен сертификат преподавателю о прохождении стажировки.
