ВАЖТ 20.02.2026 жылғы отырысы бойынша баспасөз хабарламасы

ВАЖТ 20.02.2026 жылғы отырысы бойынша баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің алаңында жол-көлік оқиғалары жөніндегі ведомствоаралық жұмыстобының отырысы өткізілді, оған облыс Полиция департаментінің, облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің, Жергілікті атқарушы органдардың, облыс прокуратурасының, көлік прокуратурасының және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ПОФ-ның басшылығы қатысты.

Өткізілген отырыс шеңберінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелеріжол-көлікоқиғаларысаласындағыпроблемалықмәселелердікеңіненжарияетті, сондай-ақ Павлодар облысының аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы ахуал туралы баяндамаларды тыңдады.

Қаласыртындағытрассаларда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назара ударылды.

Атап айтқанда, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері егжей-тегжейлі талқылаулар жүргізді және фронтальды қақтығыстар салдарынан болған оқиғаларға назар аударды.

Болжамды-талдамалық қызмет шеңберінде көрсетілген учаскелерде өлім-жітім деңгейін төмендету бойынша кешенді шаралар қабылданатын нақты аймақтардың ұзындығын көрсете отырып, қала сыртындағы трассалардың неғұрлым авариялық-қауіпті учаскелері айқындалды.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, оның шеңберінде Павлодар мен Екібастұз қалаларының неғұрлым осал қиылыстары белгіленді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге байланысты кешенді шараларды іске асыру үшін нақты ұсыныстар әзірлей отырып, 2025 жылғы жол-көлік оқиғалары саласындағы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың түйінді қызметінің қорытындылары талқыланды.

Сонымен қатар, Павлодар облысы полиция департаменті Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Апаттық Картасында» белгіленген облыстың апатты-қауіпті учаскелерінде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту бойынша көлемді жұмыстарды жоспарлады.

 

ҚР БП ҚСжАЕАжК Павлодар облысы бойынша департаменті