Облыс әкімі Асайын Байханов тұрғындарды әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен құттықтады

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Наурыз мерекесінің бастауы, көктемгі жаңару мен халық бірлігінің символы - Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күнді туыстарымен және жақындарымен өткізу, аға буыннан бата алу - терең тарихы мен ерекше мағынасы бар дәстүр. Бұл мереке – ел ішінде өзара құрмет пен жанашырлықты дәріптейтін, бір-бірімізге ризашылық білдіретін ерекше күн.
Мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!
Әр үйде жақсылық пен бақыт, рухани жылулық пен жайлылық ұяласын!